Қостанай облысында оқушы сабақтан соқыр болып оралды
Сабақтан соқыр болып оралды! Қостанай облысында оқушы бала мұғалімінің айтқанын орындаймын деп көзінен айырылды. Дене шынықтыру сабағында жылдамдыққа жүгірген бала волейбол темірінің тұтқасына оңбай соғылған. Ұстаз болса беталды тапсырма бермегенін айтып, өзіне шаң жуытар емес. Ал жарымжан болып қалған баланың ата-анасы енді бүкіл мектеп ұжымын сотқа бермек.
Автор: Аруна Ортай
02.04.2015
Оқыс оқиға осы спортзалда болған. Қатарластарынан қалыспайын деп жүгірген бала мына темірге соғылып, табан асты соқыр боп қалды.Бірақ, кінәні мойындайын деп отырған ұстаз жоқ. Бастауыш сыныптарға дене шынықтыру пәнін енді ғана бастап үйретіп жатқан жас мұғалім қайта баланың өзін «тентек» деп отыр.
Галина Миронова, дене шынықтыру пәні мұғалімі:
-Мен оны әдейі темірге ұрғаным жоқ. Бала басын өзі соқты. Мен де, қалған оқушылар да болған жайтқа кінәлі емес. Көзіне қарап жүгіру керек еді.
4-ші сыныпта оқитын Христьян енді бұдан былай дене шынықтыру сабағына бармайды. 12 жасар баланың қарашығы үзіліп, қабағы жыртылған. Яғни, сол көзі көрмейді.Ал жалғыз ұлын сап-сау етіп сабаққа жіберген ана бар болған жайтқа мектепті кінәләуда.
Светлана Генинг, баланың анасы:
-Айтарға сөзім жоқ. Мектептен бала мүгедек болып қайтады деп кім ойлаған? Өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Басқа балаларды мына мұғалімдерге енді қалай сеніп тапсыруға болады?
Анасының Хрестьянды апармаған жері жоқ. Дәрігерлерге де, емшілерге де көрсетті. Бірақ, дене шынықтыру залындағы қалың темір баланың көзін біржолата құртқан. Жарымжан бала көшеде енді тек анасының жетектеуімен жүр. Ал мектебі болса, баладан көз жазып қалған ұстазға тек сөгіс жариялапты. Десе де, Генингтер отбасы мұғалімді соттатып, одан материалдық шығын өндіріп алмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!