ОҚО-да саяси пана сұрап келген Қырғызстанның бас мүфтиі қамауға алынды
Елімізден саяси пана сұрап келген Қырғызстанның бұрынғы бас мүфтиі Оңтүстік Қазақстанда қамауға алынды. 38 жастағы Рахматулла Егембердиев отанында салық төлеуден жалтарып жүр екен. Сот шешімімен ол енді Сарығаштағы абақтыда 40 күн отырмақ.
Автор: Бек Әбиев
02.04.2015
Былтыр көрші елдің бас мүфтиінің әлдебір әйелмен жыныстық қатынасы түскен таспа ғаламторға тарап, содан басы бәлеге қалған болатын. Енді Егембердиевтің 12 жарым миллион сом салыққа қарызы бары анықталып отыр. Салықтан жалтарып жүргені үшін оған қатысты іс 2013 жылы қозғалыпты. Тек түлкі бұлаңға салып қашып жүрген экс-мүфтиге қырғыздың Ұлттық қауіпсіздік қызметі өткен жылдың соңында іздеу салған. Енді еліміздің оңтүстігінен табылған ол Қазақстаннан саяси баспана сұрайды. Алайда миллиондаған қарызы бар мүфтиді сот 40 күнге қамап, сосын қырғыз еліне экстрадицияламақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!