Назарбаев ақтөбелік дәрігерге мемуар жазуға кеңес берді
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбеде болды. Оралдан соң жолай осы аймаққа аялдаған Елбасы бірден облыстық аурухананың жай-күйімен танысты.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.04.2015
Жоспар бойынша жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшылары өңірдегі ахуал туралы баяндауы тиіс болған. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев құрғақ есептен гөрі, дәрігерлермен тілдесуді жөн санады. Тіпті, Ақтөбенің атақты хирургы Ізбасқан Аймағанбетовке мемуар жазуға кеңес берді. Ал рельс зауытының жұмысшыларымен мұндай ашық-жарқын әңгіме өрбіген жоқ. Дегенмен елімізде алғаш ашылған шойын жол шығаратын кәсіпорынның ерекшелігі айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Бұл біздің индустриялық саясатымыздың ең үздік мекемесі болып табылады. Мұңдай зауыт Қазақстанда ешқашан болған жоқ. Өнім ешқашан шығарылған жоқ. Сырттан әкеліп отырдық.
Ақтөбеге бір күн аялдаған Елбасының өңірде атқарылып жатқан іске көңілі толды. Аймақтың экономикалық даму қарқынының жоғары екенін атап өтіп, облыс әкіміне де оң бағасын берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-«Ақбұлақ» бағдарламасын білесіңдер. Су жеткізуге, газ барлық елді-мекендерге жеткізуге көп жұмыс жасалып жатыр. Оның барлығы облыста жасалған жұмыстың нәтижесі, облыс әкімшілігінің қайратты жұмысы болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!