{metadescription}
Елімізде ресейлік сүт өнімдері дүкен сөрелерінен жаппай алынып жатыр
Елімізде ресейлік сүт өнімдері дүкен сөрелерінен жаппай алынып жатыр

Елімізде ресейлік сүт өнімдері дүкен сөрелерінен жаппай алынып жатыр

Қазақстан да қыр көрсетті! Елімізде бірнеше ресейлік сүт  өнімдері дүкен сөрелерінен жаппай алынып жатыр. Өйткені санитарлық дәрігерлер көрші елден келген құтыдағы қойытылған сүт, кәдімгі сүт, ірімшік пен иогурттан ішек таяқшасы сияқты денсаулыққа қауіпті бактериялар тапқан. Енді сапасыз өнімдердің түгел көзі жойылмақ. Шенеуніктер бұл одақтас екі ел арасындағы сауда соғысы емес, бар болғаны зиянды сүттен нарықты қорғау деп мәлімдеді.

Қазір еліміздің бірнеше облысында жергілікті эпидимиологтар «қара тізімге» енген сүт өнімдерінің ізіне түсті. Себебі дүкендерді тексеру кезінде, ресейлік ірікшіктен қауіпті ішек таяқшасы табылған. Сондай-ақ, құтыдағы қойытылған сүт пен кәдімгі сұйық сүттен денсаулыққа зиян бактериялар шығыпты. Қазір санитар дәрігерлер ішсе адамды ұшындыратын қатерлі өнімдерді дереу сөрелерден алып жатыр.

Әлиақпар Мәтішев, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

-Астана қаласы, Қызылорда қаласы, Алматы облысы, Алматы, Ақмола облыстары бойынша сатуға тыйым салдық.  Бұлардың арасында  жалғыз Ресей емес, Қырғызстанның құрт ірімшіктері де бар.

Бір қорқыныштысы, қауіпті делінген ірімшік пен сүтті тұрғындар сатып алып, ішіп үлгерген болуы әбден мүмкін. Сондықтан эпидимиологтар сөрелерден 2 жарым тонна сүт өнімдерін тәркілеп, көзін жоймақ. Шенеуніктер енді халықтан аса мұқият болуларын сұрап отыр.

Әлиақпар  Мәтішев, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

-Анықтап қарап,этикеткасын оқып,алу қажет.

Ал сүт шығаратын отандық кәсіпкерлер миллиондап шығынға батуда. Себебі біздің зауыттар, Ресейдің арзан құрғақ сүтін, кәдімгі сүт деп алдап пайда табуға көшкен. Мұның зардабын қостанайлық шаруа тартып отыр.  Қолда барын өткізе алмай қор болған ол 30 мың тонна табиғи сүтін малға беруге мәжбүр.

-Міне, сұраныс жоқ. Өтейді. Босқа төгіп жатырыз.

Ресейдің қауіпті сүт өнімдеріне тыйым салынған соң жергілікті бизнес қайта аяққа тұрып кетеді деп айту қиын. Ұлттық экономика министрлігі де бұл екі ел арасындағы сауда жанжалы емес деп отыр. Бар болғаны нарықты зиянды өнімдерден тазарту екен.

-Оның үстіне бұл уақытша тыйым. Себебі Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттер тауар айналымына кедергі келтірмеуі тиіс. Бірақ, Ресейде қарап жатқан жоқ. Батыспен қырғи–қабақ олар, Еуропадан Қазақстанға  келетін тауарларды шекарасынан  өткізбей  жолын бөгеуде. Енді отандық кәсіпкерлерге қалайда бағаны түсіріп, бәскеге төтеп беруден басқа амалдары жоқ сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде