Таразда балабақшаға есек етін жеткізгендер камераға түсіп қалды
Жаға ұстатар көрініс жұртқа жария болды! Таразда балабақшаға ет әкеліп жатқандарды әлдебіреу камераға түсіріп, ғаламторға салған. Таспа авторының айтуынша, бұл – есектің еті.
Автор: Аруна Ортай
03.04.2015
Расында да еттің есектікіне ұқсайтыны басынан анық көрініп тұрғандай. Ет бөлшектелгенімен, кесілген бастың құлағы қалқиып тұр. Әлдебіреулер етті көліктен алып, ғимараттың артқы ауласына кіргізіп, жіліктеп жатыр. Бірі, тіпті, артық бауырды алып тастап, ал енді бірі қуыста тағы бір малдың терісін сыпыруда. Бейнежазбаны түсірген келіншек бұның жекеменшік «Анета» балабақшасы екенін жазған. Бірақ өз үйін балабақшаға айналдырған кәсіпкер ол есек емес, сиыр еті болған деп жазба иесінің өзін жазғырды. Бұл көрініс 5 күн бұрын түсірілгендіктен, еттің шыққан тегін анықтау қиынға соғатын түрі бар. Десе де, қазір балабақшадағы еттің бәрі сараптамаға жеткізіліп, видео авторы Әсемгүл Қасенова мен балабақша басшылығынан жауап алынып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!