{metadescription}
Алматыда  кәсіпкерлер мен әншілер футбол ойнады
Алматыда  кәсіпкерлер мен әншілер футбол ойнады

Алматыда кәсіпкерлер мен әншілер футбол ойнады

Жетім көрсең, жебей жүр! Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекше футбол тамашалады. Кілең әнші, әртістерден құралған «Алатау» командасының ойынын көруге бұл балақайлар әдейі шақыртылған.

Жұлдызды құраманың сапында «МузАрт», «Ринго» топтары мен Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Жанай және Мұқасан Шағзадаев өнер көрсетті. Қарсылас да осал емес. Өңшең қалталы кәсіпкерлер. Екі сағаттай қызықты ойынды тамашалаған балалар дән риза. Әсіресе, жүздерін тек теледидардан көретін өнер жұлдыздарымен өмірде дидарласқанына. Ал футболда жұлдызды құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті. Мұнда тек жетімдер емес, даун, аутизм мен сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер де әкелінген. Ойын соңында олардың барлығына қайырымдылық шараны ұйымдастырушы кәсіпкерлер атынан бағалы сыйлықтар табыс етілілді.

Махмұт Нәлібаев, ұйымдастырушы:

-Мүгедектің де, дені сау адамның да жағдайы бірдей бұл қоғамда. Осы мақсатта ұйымдастырып, соны білдіргіміз келді. Көңілдерін көтергіміз келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде