{metadescription}
Астанада балабақшаға қолы жетпей жүрген жұрт кезек үшін төбелесе жаздады
Астанада балабақшаға қолы жетпей жүрген жұрт кезек үшін төбелесе жаздады

Астанада балабақшаға қолы жетпей жүрген жұрт кезек үшін төбелесе жаздады

Астанада балабақшадан орын бөлу тағы төбелеске ұласа жаздады. Арман болған жолдамаға ие болу үшін жүздеген ата-ана таңнан кезекке таласып, дауласып жүр. Себебі бүгін жекеменшік балабақшаға жолдама таратылып жатыр. Мұның пайдасы төленетін ақының жартысын мемлекет өз мойнына алады. Осы жеңілдікке қол жеткізбек болғандар бүгін кішкентай балаларының көзінше жаға жыртысуға дейін барды.

-Жылда осы. Түсіріп алыңыздар. Сұмдық қой мынау.

Кезекке таласқан ата-аналар бір-бірінің қылығынан өздері шошып жүр. Тек үлкендердің не үшін ұрысып жүргенінен мына балғындар бейхабар. Әке-шешесімен ере келген балалар жанұшыра айғайлаған дауыстан естері шыққан. Ал кезекке таласқандар бір-бірімен жаға жыртысуға бар.

Светлана Панченко, Астана қаласының тұрғыны:

-Неге халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты жұмыс істемейді. Онда отырасың өздері шақырады. Ал мұнда төбелесуіміз керек. Өткен жолы тіпті арнайы жасақ шақырттық.

Бір қызығы, білім басқармасы құжатты тура №61 мектептің ішінде қабылдап жатыр. Оқушылар мазасын алмасын деді ме, ортаны темір қоршаумен бөліп қойған. Шенеуніктердің шаруасы болмағасын, ашулы әйелдер жерде отырып тізім жасап, сол бойынша ішке кірді.

Елена Коробко, Астана қаласының тұрғыны:

Ауылда тұратын сияқтымыз. Бұл Астана ғой. Ұят тіпті.

Білім басқармасының мұндай шуға еті үйренген секілді. Ал бүгін кісі қарасының көп болуы бекер емес екен. Өйткені әр сәрсенбі сайын жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарға жолдама таратылады. Мұның тиімділігі сол, жеке балабақшада тәлім алатын баланың жар ақшасын мемлекет төлейді. Бірақ бұл жеңілдікті бәрі бірдей пайдалана алмайды.

Әлия Мақамбаева, Астана қалалық білім басқармасының жанынан құрылған жұмыс комиссиясының мүшесі:

-Жеңілдетілген категориясы бар азаматтарға, көпбалалы отбасылар, мүдегек баласы барлар, әскери қызметкерлер жатады. Егер сіздің балаңыздың кезегі балабақшаға келмесе, 3 жасқа толған балаңызды  жекеменшік бақшаға орналастыра аласыз.23 мың теңгені  ата-ана,15.900 теңгені мемлекет береді.

Дау мұнымен бітпейтін сыңайлы. 27-ші сәуірде мемлекеттік балабақшаларға орын бөлу басталады. Шенеуніктер тездетіп тәртіп орнатпаса, нағыз айғайдың көкесі сонда болмақ. Ал балаларын бақшаға беруге зар болып жүрген ата-аналардың ешқайсы өліспей беріспек емес. Өйткені, қазір Астанада 90 мыңнан астам ұл-қыз кезігін күтіп үйінде отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.