{metadescription}
Ақтауда интернатта босанған  16 жастағы қыз ұлының әкесі кім екенін білмейді
Ақтауда интернатта босанған  16 жастағы қыз ұлының әкесі кім екенін білмейді

Ақтауда интернатта босанған 16 жастағы қыз ұлының әкесі кім екенін білмейді

Ақтауда 11-ші сынып оқушысы дәл білім ордасының қабырғасында босанып қалды. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген. Бірақ бұл сәби интернат басшылығына да, қыздың ата-анасына да қуаныштан гөрі, қасірет әкелгелі тұр.

16 жастағы жеткіншектің толғағы түнгі сағат 3-те басталыпты. Сөйтіп дәл интернаттың қабырғасында сырт көзден жасырын босанған. Баланың кіндігін де өзі кескен. Сөйтіп шаранасын құндақтап, Құланды ауылында тұратын ата-анасына алып барыпты. Олар сол күні жас ананы сәбиімен қоса Жаңаөзендегі перзентханаға алып барған. Қазір сәби ауруханада жатыр. Ал жас ана әке-шешесінің қолына табысталды. Оқушының жүктілігі туралы мектеп әкімшілігі ештеңе білмедік деп ақталады. Ал, кәмелет жасына толмаған қызды жыныстық қатынасқа итермелеген азамат кім, қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:

-Ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін әке-шешесін жауапқа тарту туралы ішкі істер органына ұсыныс тастадық. Ал мектептің 1 қызметкері жұмыстан босатылып, 5-еуі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.