{metadescription}
Божко суға кету қаупі басым Солтүстік өңірді  тікұшақпен аралады
Божко суға кету қаупі басым Солтүстік өңірді  тікұшақпен аралады

Божко суға кету қаупі басым Солтүстік өңірді тікұшақпен аралады

Солтүстік Қазақстан облысындағы 18 елді-мекен су астында қалуы мүмкін. Жағдай ушыққан осы аудандарды Ішкі Істер министрінің орынбасары Владимир Божконың өзі тікұшақпен аралап көрді.

Ауыл-аймақтардың маңындағы қар әлі толық ерімеген. Оның үстіне топырақ ылғалдылығы да тым жоғары. Сондықтан бұл ауылдарда тасқынға қарсы шаралар тағы пысықталуы тиіс. Жақын күндері ауа-райы күрт жылуы мүмкін. Сондай- ақ, өңірдегі екі су қоймасы да суға толып тұр. Алайда шенділер ондағы жағдай қалыпты деуден танбайды.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:  

-Былтыр ауызымыз күйді. Биыл қауіп Ақмола облысының Сілеті су қоймасынан келеді деп отырмыз. Халықты көшірдік,  мал мүлкін, дүниесін алып шықтық. Қазір қоймаға апаратын жолдарды тазалап, тиісті инженерлік қондырғылар жасадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.