{metadescription}
Құсайыновтың сенімді өкілдері насихатты күшейтті
Құсайыновтың сенімді өкілдері насихатты күшейтті

Құсайыновтың сенімді өкілдері насихатты күшейтті

Қазақстан Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың сенімді өкілдері қарбалас жұмыс жүргізіп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы белсенділер сайлаушылармен кездесіп, кандидаттың тұғырнамасымен таныстыруда.

Құсайыновтың оңтүстік өңірде 19 сенімді өкілі бар. Белсенді топ мүшелері облыстағы барлық аудандарда кандидатқа дауыс беруге үндейтін үнпарақтар мен билбордтарды ілді. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесулер өткізіп, үміткердің бағдарламасын бүге-шігесіне дейін түсіндіруде. Қоршаған орта жанашырының пікіріне атүсті қарауға болмайды дейді олар.

Ілия Бекбосын, Ә.Құсайыновтың ОҚО бойынша сенімді өкілі:

–Бұл кісінің көтеріп отырған экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздік мәселелері Қазақстан үшін, оның ішінде біздің аймақ үшін өзекті деп санаймын. Біздің штаб үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде