{metadescription}
Ақтауда жұмыссыз қалған ветеринарлар шу шығарды
Ақтауда жұмыссыз қалған ветеринарлар шу шығарды

Ақтауда жұмыссыз қалған ветеринарлар шу шығарды

Ақтауда бір мемлекеттік мекеменің қызметін екіншісіне тапсыру кезінде 23 ветеринар жұмыссыз қалды. Оларды Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы жергілікті әкімдіктердің құзырына беруі керек болатын. Бірақ әкімдіктерде жұмыс орны құрылмаған. Осылайша, мал дәрігерлерінің жалақысыз жүргеніне 3 айдан асты. Алайда ең сорақысы бұл емес. Ветеринарлық инспекторлар мәжбүрлі демалыста жүргенде облысқа тасымалданатын ет өнімдері мүлдем бақылаусыз қалған.

Мына 23 ветеринар 3 айдан бері жұмыста емес, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырумен жүр. Барлығын ветеринариялық бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық инспекциясының басшысы бір күнде жұмыстан шығарып жіберген. Мекеменің заңсыз әрекетін дәлелдеу үшін еңбек басқармасына да, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке де шағымданыпты.

Әділхан Қойланбаев, Қарақия ауданының бұрынғы бас ветеринарлық инспекторы:

-Олар жай-жайымызды тексеріп, біздің бұйрық дұрыс емес, заңсыз екенін ұйғарым жасап, осыларға тапсырма берген. Жұмысқа қайта алу туралы. Ол бұйрық орындалмады.

Мал дәрігерлері 3 талап қойып отыр: жұмысқа қайта алу, жалақыны түгел төлеу және еңбек өтілін сақтау. Ветеринарлар осылайша сотта өз бастарының қамын күйттеп жүргенде шекаралық-кедендік бекеттер арқылы  келетін ет өнімдері бақылаусыз өтіп жатыр.

Ақкенже Жұмағазиева, «Ақтау-Әуежай» бекетінің бұрынғы бас ветеринарлық инспекторы: 

-Біздерге Ресейден, морпортқа Грузия, ТМД елдерінің бәрінен келеді. «Тәжен» бекетіне Орта Азиясы бар, ар жағында «Темір-Баба» бар Түркіменстанмен шектесіп жатқан. Ол жерден де көкөніс келіп жатыр. Соның қауіпсіздігін кім қадағалап отырғанын білмеймін.

Облыста осындай маңызды міндеттерді атқарып отырған мамандарды аумақтық инспекция жергілікті әкімдікке ауыстыруы керек болатын. Алайда, мекеме басшысы әкімдіктерде жаңа басқарма құрылуын қадағаламаған. Жаңа мекемені заңды орынға тіркеу енді келесі аптада бітпек.

Рақымбек Әміржанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

-Мекеме бекітілген күннен бастап қабылдайды. Бірақ жылдың басынан бастап, қазірге дейін төлемеген айлықты біз сот шешімі бойынша жергілікті бюджеттен береміз.  

Осы 23 ветеринардың 8-і заң бойынша бұрынғы жұмысында қалулары тиіс екен. Ветеринарлық инспекция жұмысын тексерген мемлекеттік істер жөніндегі агенттік осы секілді бірнеше заңсыздық тапқан. Бұрынғы  қызметкерлерін осынша сарсаңға салған басшы енді жауапкершілікке тартыла ма, жоқ па оны ветеринарлық бақылау комитеті шешетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде