{metadescription}
Алқа билер Жохар Царнаевты кінәлі деп тапты
Алқа билер Жохар Царнаевты кінәлі деп тапты

Алқа билер Жохар Царнаевты кінәлі деп тапты

Барлық баптар бойынша жазалансын! АҚШ-тың алқа билері Жохар Царнаевты Бостондағы жарылыс үшін 30 бап бойынша айыпты деп тапты. Олардың жартысынан астамына өлім жазасына кесіледі.            

Царнаев жарылғыш зат жасағаны және оны іске қосып, бірнеше адамның өліміне себепкер болғаны үшін жазаланбақ. Алқабилер шешімді бірауыздан қабылдаған. Тіпті, адвокаттарының «ағасы Тамерланға еріп істеді» деген уәжін де пысқырмады. Ақырғы айыптау үкімі айтылды, енді соңғы сөз судьяда. Санаулы айлардан соң осы Царнаевтың сыбайласы деп айыпталған біздің жерлестеріміз Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқовтың да тағдыры шешіледі. Әне-міне соңғы нүктесі қойылғалы жатқан іс осымен екінші жылға созылып жатыр.  2013 жылдың әйгілі Бостон марафоны кезінде жарылыс боп, 200 адам ауыр жараланған еді. 3 азамат сол жерде мерт болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде