{metadescription}
Петропавл көшелері ми батпаққа айналды
Петропавл көшелері ми батпаққа айналды

Петропавл көшелері ми батпаққа айналды

Петропавл көшелері де күн жылып, қар еруі салдарынан ми батпаққа айналды. Әсіресе, жер үйлердің иелері сыртқа шығудан қалған. Бұған қала көшелерінде суағарлардың жоқтығы себеп. Ал осыдан елу жылдай бұрын салынған арықтардың дені жермен тегістеліп, мүлдем жоғалған.

Мына көшенің жастары қала орталығына жету үшін осылай амалдайды. Ал қарттардың жүрісі мынау. Не суға, не дүкенге бара алмай отыр.

Қаһарман Тайыров, Петропавл қаласының тұрғыны:

-5-6 жыл болды жөндегендей сыңай танытып жүр. Бюджеттен қаша ақша бөлінді. Соған арық салу керек еді. Соны бірін жасамаған.

Шахардағы суағарлар өткен ғасырдың 60-шы жылдары салыныпты. Онда да тек орталық көшелерге ғана.

-55  жыл бұрын қазылған суағарлардың жалпы ұзындығы 44 шақырым екен. Содан бері шаһар қанша өскенімен жауын суы жиналатын бірде бір метр қосымша арық қазылмапты. Барының өзі не жөндеу көрмей, не тазаланбай бітеліп тұр.       

Осының салдарынан жол жиегіне жиналатын жауын суы жаңадан төселген асфальтті тез тоздыруда. Шенеуніктер биыл шаһардағы шағын көшелердің 16 шақырымына қиыршық тас төсейміз деп отыр. Ал жолдарға күрделі жөндеу жүргізуге әзірге бюджеттен ақша қарастырылмапты.

Мирас Сабағанов, Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Осы жылы орташа және күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджететен ақша бөлінген жоқ. Қаржы шұңқырларды жамауға ғана  жетеді. Ақша артылса, жаздың аяғында жолдарды жөндеуіміз мүмкін. 

Бұл мәселені тұрғындар есептік кездесулерде жыл сайын көтереді. Алайда уәдеге еттері үйренген олар көктем келсе болғаны, резеңке етік пен полиэтилен қапшықтарын қайтадан шығара бастайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде