{metadescription}
Балшыққа батқан Талапкер тұрғындары наразылық білдірді
Балшыққа батқан Талапкер тұрғындары наразылық білдірді

Балшыққа батқан Талапкер тұрғындары наразылық білдірді

Талапкер тағы суға кетіп жатыр. Астана іргесіндегі атақты ауыл тұрғындарының көктем шықса толарсақтан балшық кешуі қалыпты жағдайға айналған. Еріген қар суынан қазір көшеде аяқ алып жүру қиын. Жұрттың ашуына тигені қыс ортасында жолға саз төккен жергілікті әкімдіктің қылығы. Енді сол саз ми батпақ болып жатыр.

-Көктем шықса талапкерліктер сәнденіп көшеге шығудан қалады. Аяқ киімдерін мынадай пакетпен орап жүруге мәжбүр. Қазір бұл ауылдағы ең өтімді тауар осы. Ең ыңғайлысы аяққа мынадай резеңке етік киіп алған жөн. Бірақ мұны да іздеп табу қиын.

Бұл Астанадан 15 шақырым жердегі Талапкер тұрғындарының жылда көретін қорлығы. Қолдарында бір-бір пакет, аяқтарында жаппай резеңке етік.

Әлібек Қайырбаев, Талапкер ауылының тұрғыны:

-Машинада батады, адам да батады. Жығылады. Балалар бар кішкентай. Өте қиын. Енді резеңке етік көтеріп жүреміз, пакетпен. Дүкенге  қоямыз, кейде автобуспен алып кетеміз. Енді не істейміз? Басқа жағдай жоқ.

Ауылдың ми батпаққа айналуын халық жергілікті әкімдіктен көріп отыр. Себебі олар қыс ортасында, қарсылыққа қарамастан жолға саз төгіп тастаған. Аязда қатып қатып тұрған сол саз, күн жылынғанда батпаққа айналып, жұрттың берекетін қашыруда. Енді бұған еріген қар суы қосылып тұрғындардың түн ұйқысын төрт бөлген.

Әзиз Алдашев, Талапкер ауылының тұрғыны:

-Үш күннен бері жұмысқа бармай жүрмін. Үйімді су басып қалса қайтемін?  Басқа амал жоқ. Жергілікті әкімге сенім жоқ. Сөзі көп. Ісі жоқ.

Сол әкімді бүгін жұрт жұмыс орнына іздеп барды. Есігі жабық. Сөйтсек, ол да бос жүрмепті. Кабинетін тастап, костюм-шалбарын шешіп  Камазға мініп алыпты. Суды айдау үшін құбыр тасып жүр екен.

Нұртуған Мұзамелов, Талапкер ауылдық округінің әкімі:

-Аудан  100 метр құбыр беріп жатыр.Жаңа алып келдік. Талапкер ауылына қойып суды ағызып жібереміз. Ал жолды смета бойынша, тастармен жабамыз. Асфальт болмайды.

Бәленің бәрін мердігер компанияға жапқан Нұртуған Мұзамелов енді жолға саз емес, қиыршық тас төсемек. Жолдан бөлек әкімге мына иттің өлекселерін шығарумен де айналысуға тура келеді. Әзірше, оның көмегін жұрт көрген жоқ, техниканы өз ақшаларына жалдап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде