{metadescription}
Алматыда колледждегі жарылысқа айыпталғандар кінәсін мойындаудан бас тартты
Алматыда колледждегі жарылысқа айыпталғандар кінәсін мойындаудан бас тартты

Алматыда колледждегі жарылысқа айыпталғандар кінәсін мойындаудан бас тартты

Айыпталушылар кінәсін мойындаған жоқ! Бүгін Алматыда Сән және дизайн колледжінде болған оқыс оқиғаға қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы орындығында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері Ғабит Қарабалаев, Юрий Гавриленко және Серікбай Баймолдинов. Оларға «заңсыз қару жарақ сақтады» және «абайсызда кісі өлтірді» деген баптар бойынша айып тағылған. Бірақ үш ұстаз тағылған айыппен келіспеді.

-Бүгін Алматыда Сән және дизайн колледжінде болған жойқын жарылысқа қатысты сот процесі басталды. 34 томнан құралған іс жарты жылға жуық тергеліп, өткен айда сотқа жеткен еді. Айта кетейін, бұл оқыс оқиға өткен жылдың қараша айында болған.

Колледждің студенттері алғашқы әскери дайындық сабағында отырғанда оқу құралы ретінде пайдаланған граната жарылып кеткен болатын. Салдарынан 13 студент жараланып, 1 қыз қаза тапты. Ол – 16 жастағы Светлана Яковлева.  

Енді, міне, айыпталушылар сот залына әкелінді. Олар – аталған колледжде алғашқы әскери дайындықтан сабақ берген Ғабит Қарабалаев пен оған дейін осы қызметті атқарған Юрий Гавриленко және Серікбай Баймолдинов. Мемлекеттік айыптаушы бұл үшеуіне «заңсыз қару жарақ сақтады» және «абайсызда кісі өлтірді» деген баптар бойынша айып таққан.

Дидар Қабаев, мемлекеттік айыптаушы:

-Ұстаздардың бәрі жоғары білімді. Екеуі запастағы офицерлер. Өмір бойы қарулы күштер сапында қызмет еткен. Олар оқу құралы мен әскери гранатаны ажырата алады. Сондықтан бұл үшеуі оның әскери екенін біле тұра біріне-біріне тапсырып отырған.

Айыпталушылардың өзі прокурордың бұл уәжімен келіскен жоқ. Айтуларынша, оқу орнына жарылғыш заттың және оқ-дәрілердің қайдан келгенінен хабарсыз болған.

-Тағылған айыпты мойындамаймын.

Адвокаттар да істі кейінге қалдыруды сұрап отыр. Өйткені оқиға былтыр болса да, прокурор айыпты биыл өзгерген жаңа заң бойынша тағыпты. Десе де сот қорғаушылардың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

-Сот актісін қайтадан толтырып, процесті кейінге қалдыру туралы адвокат Сүлейменовтың өтініші қанағаттандырылмайды.

Ал колледждегі жарылыстан қаза тапқан Светлана Яковлеваның анасы сот барысында өзін әрең ұстап отырды .Тіпті соңында көз жасына ерік берді. Ал куәгерлер тыңдалар кезде, тілшілер одан әрі процеске қатыстырылған жоқ. Өйткені кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге психологиялық қысым болуы мүмкін. Келесі сот отырысының да қай күні өтетіні әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.