{metadescription}
0:000:00
Астанада әскери салада қызмет етіп жүргендеріне екі ғасыр  толған отбасы тұрады

Астанада әскери салада қызмет етіп жүргендеріне екі ғасыр толған отбасы тұрады

Атадан балаға мирас боп қалған мамандық. Астанада әскери салада қызмет етіп жүргендеріне 200 жыл толған отбасы тұрады. Соғыс ардагері Әбіл Жантеміровтің ұл-қыздары, немерелері мен шөберелеріне дейін офицер. Көбі кезінде лауазымды қызмет атқарған, қазір зейнет демалысында. Осы өнегелі әулет КТК телеарнасының «Халық қалаулысы» атты байқауда «Мұрагер» номинациясына үміткер ретінде қатысуда.

Кеудеде сыңғырлаған медальдар мен әскери киім Жантеміровтер жанұясының символы деуге болады. Бұл отбасындағы ер-азаматтардың жиған мал-мүлкінен гөрі омырауындағы ордені көп. Түбі Тайлақ батырдан тараған Жантеміровтер қару мен әскери қызметке деген құштарлықтарын мына қылышпен байланыстырады.

Вячеслав Жантеміров, отставкадағы  полковник:

-Бәрі мына қылыштан басталған , - дейді үлкен ағаларымыз. Бұл - бабамыз Тайлақ батырдың алдаспаны. Бізге әкемізден жетті. Тайлақ батырдан кейін оны Байжан, Жантемір батыр ұстаған.

Полковник Вячеслав Жантеміровтің өзі де Ауған соғысының ардагері. Әкесі әскери қызметпен Украинада жүргенде туған екен. Қазір қара шаңықарқтың иесі. Әкелері Әбіл Жантеміров Мәскеу түбіндегі шайқаста қатысып, кейін соғыстан батальон командирі болып оралған. Атасының осы ерлігі мен еңбегі ұмыт қалмас үшін немересі, отставкадағы полковник Марат Жантеміров кітап жазып шығыпты.

Марат Жантеміров, запастағы полковник:

-Атамның еңбек жолын тарихи оқиғалар желісінде жеткізгім келді. Тың мәліметтер таптым. Мысалы, соғыстың басталғанына небары 13 күн өткенде менің атам шайқасқан 101-ші  бригадада 866 адам оққа ұшып, 447 жауынгер жоғалып кеткен екен.

Бұл отбасының қыз-келіншектері де осал емес. Аналары да соғыста мерген болған.

-Жұбайым тапаншадан атады. Сол кезде жанына жоламаймын. Әскери отбасы болғанықтан үйде ерекше тәртіп болуы тиіс.

Жантеміровтердің үйінде де әскери тәртіп. Олар тіпті дастархан басына шеніне қарай жайғасады. Бірақ, туысқан офицерлер түгел емес. Төрдегі бос тұрған орындықта полковник Дидардың отыруы тиіс еді. Қазір ол жаттығуда. Палигонда ғана емес, Жантеміровтердің шаңырағында да дайындық үзілген емес. Әбіл Жантеміровтың шөбересі де әскери қызметке әзірленуде.

-Мен генерал боламын. Атам сияқты көп медалім болады... 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде