{metadescription}
0:000:00
СҚО шаруалары Ресейдің арзан тұқымына таласып жатыр

СҚО шаруалары Ресейдің арзан тұқымына таласып жатыр

Солтүстік Қазақстанның диқандары бидай тұқымын Ресейдің шекаралас аймақтарынан тасып жатыр. Өйткені былтырғы орақ науқанының қиындығына байланысты тиісті көлемде тұқым қорын жинауға мүмкіндік болмай қалған. Оның үстіне, көрші ел валютасының құнсыздануына байланысты бидай бағасы да төмендепті.

Мына шаруашылықтың агрономы Ресейден әкелінген тұқымдарға тамсанып жүр. Еккен дәннің 97 пайызы шығатын әрі ерте өнетін жоғары элиталы дән «Омбылық-37» деп аталады екен. Жылда тұқымы өзінен артылатын шаруалар үшін былтырғы күзгі науқан оның қорын жеткілікті етіп жинауға мүмкіндік бермепті.

Жомарт Омаров, шаруа қожалығының директоры:

- Қарлы,  күз болды. Соған байланысты тұқымның сапасы өте төмен болды да, сондықтан оны тапсырып жібердік. Қорған қаласынан «Қорған семена» деген концерннен 700 тонна  шартқа отырып, міне қазір алып келдік.

Бұрынғы бағам бойынша ресейлік бидай тұқымының бір тоннасы 100 мың теңгеге түсетін еді. Биылғы баға 60 мың теңгеден аспаған.

Әбілхан Бижанов, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Тұқым 9 мыңнан астам тонна облыстың сыртынан келді. Олар- бес мыңға жуық тонна Ресей Федерациясынан, Омск облысынан, Қорған облысынан,  «Қорған семена» және Түмен облысынан әкелінді. Әрине,  элиталық ол болашақта сұрыпты жақсартуға көп әсерін тигізеді.

Көрші елден әкелінген элиталы тұқымдардың бір ерекшелігі оның ерте пісетіні. Былтыр осындай тұқымның үлес салмағы көп болғанда, күзгі науқанда жерге қарап қалмас едік дейді диқандар. Өйткені кеш пісетін сұрыпты күтіп отырғанда алқаптарды қар басып қалған. Комбайндар жердің қатқанын күтіп, бидайды тура ақ ұлпаның үстімен орып алған еді. Енді рубльдің тиімді бағамы өңірдегі тұқым жетіспеушілігіне байланысты туған түйткілді шешіп қана қоймай, дәннің сапасын арттыруға да мүмкіндік берді дейді диқандар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде