{metadescription}
0:000:00
Петропавл тұрғындары үйлерін  дұрыс жөндемеген мердігерді сотқа берді

Петропавл тұрғындары үйлерін дұрыс жөндемеген мердігерді сотқа берді

Су толған шелектерді төгу мен шүберектерді сығудан жалыққан петропавлдықтар тұрғын үйлерін жөндеген мердігерді сотқа берді. Көпқабатты нысанды мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеген компания істі шала бітіріп, қашып кеткен. Төбеден су сорғалап тұрса да бюджеттен бөлінген миллиондарды енді тұрғындар қайтаруы тиіс.

Митринскийлер отбасы өз пәтерлері бола тұра өзге баспана жалдауға мәжбүр. Өйткені термомодернизация бағдарламасымен жасалған жөндеуден кейін қабырғалары көгеріп, төбеден аққан тамшы еденді шірітіп жіберген.

Андрей Митринский, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Мамандар үйімдегі ауаның ылғалдылығын тексерді. Талап бойынша ол 32 бірлік болуы керек. Ал мұнда құрылғы 65-ті  көрсетті. Желдеткіштер мүлдем жұмыс істемейді. Құрылысшылар төбені қоқысқа толтырып кеткен.

110 пәтерлік бес қабатты үйдің тұрғындары модернизациялау бағдарламасына қатысуға былтыр жазда тілек білдірген. Олар мердігермен және әкімдікпен үш жақты келісім жасапты. Оған сай бір бөлмелі пәтердің  тұрғыны 7 жылда 140 мың теңгені төлеп болуы тиіс.  

-Сметалық жобаға сай бұл үйдің шатыры 16 миллион теңгеге бағаланыпты. Алайда игі істің соңы сиыр құйымшақталып кеткенде, тұрғындар тәуелсіз сарапшыларды шақырған. Мамандар барлық құрылыс материалдары мен жұмыстардың құны екі есе қымбат бағаланған деген тоқтам жасаған.

Былтырғы тамызда құрылысшылар ескі шатырды жұлып тастап,  жаңасының ағаштарын да қағып үлгермеген. Осы үшін әкімдіктен 9 миллион теңге алған мердігер компанияның директоры ізім-қайым жоғалыпты. 

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қалалық тұғын үй инспекциясының басшысы:

-Оны қанша іздегенімен таба алмай жүрміз.  Мұнда өзге мердігерді әкелдік. Ешкім жұмысты аяқтауға келіспеді. Кеше ғана бір құрылыс компаниясы шатырды аяқтап береміз деді.

Бүлінген дүниелерінің ақысын даулаған тұрғындар бұрынғы мердігерді сотқа сүйрепті. Алайда сот отырыстарына ол мүлдем келмеген. Құзырлы орган да қашқынға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде