{metadescription}
0:000:00
Атырау облысында бірқазандар қырылып қалды

Атырау облысында бірқазандар қырылып қалды

Қызыл кітапқа енгізілген құстардың 70 өлексесін мұнайшылар Құрманғазы ауданындағы Новинский аралы маңынан тауып алған.

Олар тікұшақпен құстардың көктемгі есебін алуға шыққанда, өліп жатқан бірқазандардың үстінен түсіпті. Ірі табиғат пайдаланушы болғандыктан Каспийдің солтүстік қайраңындағы жан-жануар, кұстардың есебін жургізу мұнай компаниясына жүктелген. Мамандардың айтуынша, бірқазандардың жаппай қырылуына Солтүстік Каспийден соққан қатты жел себеп болуы мүмкін. Құстар қатты желден ығып келген. Қамысты-батпақты аумақ болғандықтан, шіріп кеткен өлекселердің барлығын жинауға мүмкіндік болмады. Тек 20 шақты бірқазанды өртеп, екеуін, сынама алу үшін облыс орталығына жеткізілді. Енді құстардың нақты неден қырылғаны зертханалық тексеру қорытындысынан соң анықталады.

Сақтапберген Әліпқайыров, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

-Табылған құстардың барлығының да дене мүшелері өз орнында. Тек жүндері іріп, иістенген. Табиғаттың катаклизмалық жағдайлары кезінде құстардың денесінен май бөлініп, даярлық кезеңдері болуы керек екен. Соны үлгере алмай қалған сияқты. Соның салдарынан өлген деген  болжамы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.