{metadescription}
СҚО-да халық үйлеріне қайықпен жетуге мәжбүр
Солтүстік Қазақстан облысындағы топан су басқан Қаратал ауылының тұрғындары да үйлеріне оралып жатыр. 200-ден аса адам 4 күн бойы көрші ауылда тұрақтаған. Баспаналары да айтарлықтай бүлінбепті. Қызыл судың беті қайтқанымен, екі ауылды байланыстыратын жол әлі су астында тұр. Тұрғындар үйлеріне қайықтармен жетті. Бұған дейін биіктеу жерге айдап әкетілген мал да иелеріне қайтарылды. Алайда төтенше жағдай мамандары ауылда әлі кезекшілік жүргізбек. Қазір топан су өңірдің солтүстігіне қарай ығысып, облыс орталығына беттеп келеді.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
20.04.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!