{metadescription}
0:000:00
Астана іргесіндегі бірнеше ауылды топан су басып жатыр

Астана іргесіндегі бірнеше ауылды топан су басып жатыр

Астана іргесіндегі ауылдарда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Арнасынан асқан Нұра өзенінің суы бірнеше елді-мекенге ақыры жетті. Тасқыннан жүздеген адам дүние-мүлкін тастап, үйлерінен кетуге мәжбүр болды.

Нұра өзенінен үлкен қарқынмен жеткен қызыл су Астана іргесінен 20-30  шақырым жердегі Тайтөбе, Ағанас, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қошқарбаев атындағы ауылдарды шайып кетті. Мұндағы бөгет ағын судың күшіне төтеп бере алмаған. Су ортасында қалған адамдарды құтқарушылар қайықпен жағаға алып шықты. Баспаналарын су шайған шаңырақтар шиеттей бала-шағасымен мектептерді паналауға мәжбүр. Күрделене түскен Ақмола облысындағы селдің бағыты, судың деңгейі қазір ғарыштан отандық спутник арқылы бақылауға алынған. Себебі қызыл суға бөгеттер шыдас бермесе, тасқын Астана қаласына жайылуы әбден мүмкін. Қазір төтенше жағдайлар  қызметі құм толтырылған қапшықтармен бөгеттерді бекітіп жатыр. Ал ел бойынша, Қарағанды, Солтүстік пен Шығыстағы аймақтарда тасқынның    беті әлі  қайтар емес.

Руслан Иманқұлов,ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:

-Қазіргі уақытта еліміздің 5 облысында 2142 үйге су кірді.276 үй су астында қалды. 16.154 эвакуацияланған  адамның 10.17 адам өз үйлеріне қайтып оралды. 1623 адам эвакуация пункттерінде қалып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.