{metadescription}
0:000:00
Семейде екі баласымен 4-ші қабаттан секірген келіншек аман қалды

Семейде екі баласымен 4-ші қабаттан секірген келіншек аман қалды

Семейде 34 жастағы әйел әлі мектеп жасына да толмаған екі баласымен бірге 4-ші қабаттан секіріп кетті.Үшеуі де қазір ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Көршілерінің айтуынша, келіншектің көптен бері жүйкесі сыр беріп жүр екен. Тіпті соңғы күндері сандырақтаған көрінеді. Десе де, келіншектің анасы сұмдық оқиғаға қатысты басқа себеп айтты. Мәселенің мән-жайын тәртіп сақшылары анықтауда.

Семейдегі бұл жатақхана тұрғындары болған оқиғадан есеңгіреп қалған. 4-ші қабатта бөлме жалдап тұрған келіншек екі баласымен балконнан құлап кетті. Көршілері оның соңғы күндері әлдебір дауыстарды естіп, сандырақтап жүргенін айтады.

Галина Маар, көршісі:

-Екі күн бойы жылаған адамның дауысын естіп жүрмін деп айтты. Мен болсам, ештеңе естімедім. Өзі ешкіммен аса қатты араласпайтын. Арақ ішіп, шылым шеккенін де көрген жоқпын.

Ал 34 жастағы әйелдің анасы болса оқиғаның себебін мүлдем басқаша түсіндіреді. Айтуынша, қызы жұмыссыз болғандықтан, 4 және 6 жастағы балаларын асырай алмай, қиналған. Тұрмыс тауқыметі оны осы қадамға итермелеген деп отыр.

Гүлшари Сүлейменова, анасы:

-Қиыншылықтан кетті. Өзі жуас, ешкімде шатағы жоқ. Жоқшылықтан кетті. Алдында келіп кеткен. Балаларым аштықтан ыңырсып жатыр деп. Үйде тоқаш, ет болса салып әкет дегем.

Қазір 4-ші қабаттан құлаған ана мен екі баласы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр болғанымен, өмірлеріне еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Жасұлан Әсетов, балалар нейрохирургы:

-Қыз бала  ауыр бас-ми жарақаты және қосарланған мойын омыртқаларының диагнозымен келіп түсті. Ұл бала 6 жаста іш жарақаты диагнозымен келіп түскен. Ем жасалып жатыр. жайғдайлары тұрақты.

-Биіктен құлдилап тірі қалғанына таңырқаған дәрігерлер енді науқастарды емдеуге ұзақ уақыт керек дейді. Ал тәртіп сақшылары әйел осылайша өзіне және балаларына қол салды ма әлде байқаусызда құлап кетті ме, соны анықтау үстінде. Егер туғандарын өлтірмек болғаны дәлелденсе, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде