{metadescription}
«Ақтөбенің» жанкүйері «Қайсардың» футболшыларын мазақтап оны видеоға түсірген
«Ақтөбенің» жанкүйері «Қайсардың» футболшыларын мазақтап оны видеоға түсірген

«Ақтөбенің» жанкүйері «Қайсардың» футболшыларын мазақтап оны видеоға түсірген

Ақтөбелік жанкүйердің қылығы қызылордалық «Қайсар» командасы футболшыларының қытығына тиді. Себебі, алаңға шығуды күтіп тұрған қосалқы ойыншыны белгісіз біреу сыртынан жөнсіз боқтаған. Тіпті соны ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялапты.

Осы бейнероликті көрген «Қайсар» футболшыларының ақтөбелік команданың жанкүйерлеріне деген өкпесі қара қазандай. Қызылордалық команданың капитаны, чехиялық легионер мұндай әдепсіздікке бірінші рет кезігіп отырғанын айтады. Десе де өздерін балағаттаған адамға қатысты ешқандай талап қойған жоқ. Дегенмен, «Ақтөбе» футбол клубының жакүйерлері таспаның қасақана жасалғанына сенімді. Бұл белсенділігімен елге танылған фан-клубтың беделін түсірмекші болғандардың ісі дейді.

Мартен Кляйн, «Қайсар» ФК капитаны:

-Түркия, Чехия мен Венгрия сияқты елдердің клубтарында ойнадым. Бірақ Ақтөбедегідей жағдайды кезіктірмедім. Шын жанкүйер футбол көруге, қолдау көрсетуге келеді. Ал аузына келгенін айтып, балағаттайындардың ісі – балалық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде