{metadescription}
Депутаттар Исекешевтен интернетте отырып өздеріне жала жабатындарды жазалауды сұрады
Депутаттар Исекешевтен интернетте отырып өздеріне жала жабатындарды жазалауды сұрады

Депутаттар Исекешевтен интернетте отырып өздеріне жала жабатындарды жазалауды сұрады

Миллиондаған абонент «мобильдік құлдықтан» құтылатын болды. Бүгін тиісті заңды Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Енді нөмірді өзгертпестен басқа ұялы байланыс оператына ауысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, депутаттарды ғаламтордағы өздері туралы ақпараттар да қатты алаңдатады екен. Жалған мәлімет көп деген мәжілісмендер «Ақпараттандыру туралы» заңды алып келген Әсет Исекешевтен ақпараттық қауіптен құтқаруды сұрады.

Бүгін Әсет Исекешев алып келген «Ақпараттандыру туралы» заңды мәжілісмендер ерекше қызығушылықпен талқылады. Депутаттар әсіресе ақпараттық қауіпсіздікке қатты алаңдаулы екен. Өйткені, соңғы кезде халық қалаулыларының атынан әлеуметтік желілерде парақша ашып, сырттай мәлімет жинайтындар көбейіп кетіпті.

Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

-Біздің атымыздан өтірік парақша ашып алады. Айтыңызшы,соны бұғаулап тастауға бола ма?

Министр жалған мәліметті өшіреміз деп уәде еткен жоқ. Қазір Үкімет ақпараттық қауіпсіздікті тек талдап жатыр екен. Есесіне Исекешев сапасыз тамақ беретін мейрамханалардың тізімін жасап, жұртқа қолжетімді етпек.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестиция және даму министрі:

-Асынан адам ұшынған мейрамханалардың тізімі,сапасына қарай рейтингін, оларға СЭС жүргізген тексерудің қорытындысын жарияламақпыз. Бүкіл мемлекеттік органдардағы мәліметтер де ашық болады. Яғни, кез-келген азамат электронды түрде қажетті ақпарат ала алады. Ол үшін «Ақпараттандыру туралы» заңды қабылдауымыз керек.

Исекешев қолдаңыздар деп отырған заңда абонеттерді «мобильдік құлдықтан» құтқару жайында да жазылған. Мәжіліс нөмерді өзгертпестен қалаған ұялы байланыс операторына өтуге мүмкіндік беретін құжат төңірегінде тартысып жатпай, бірінші оқылымда бірден мақұлдады. Бұл мүмкіндікті әсіресе министрліктегілердің өзі қатты күтіп жүр екен.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі:

-Қазіргі телефонымды ауыстыра салар едім.

Мәжілісмендерді тарифтер де алаңдатады. Айына кем дегенде 10 мың теңгеге жұмсайтын депутаттар байланыстың бағасы қымбат деп отыр. Ал, енді бірі оператор ауыстыруға мүлдем құлықсыз.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

-Менің екі нөмерім бар, оларды журналистер жақыс біледі. Байланыс үзіліп қалмас үшін осы операторларда қала беремін.

Ал, Инвестиция министрлігіндегілер «мобальді құлдықтан» жыл соңына дейін құтыламыз деп отыр. Және заң күшіне енген күні байланыс бағасы да арзандайды, операторлар арасындағы бәсекелестік бірден артады деп сендірді. Ал, операторды небары 4-5 сағаттың ішінде тегін ауыстыруға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде