Қазақстан ортақ валюта енгізуді ұсынған Ресейге ресми түрде жауап берді
Қазақстан Еуразиялық одақ елдерімен ортақ валюта құрудан үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті бұл мәселені талқылағысы да келмейді! Бүгін мұндай батыл мәлімдемені күтпеген жерден Ұлттық Экономика министрінің орынбасары жасады.
Автор: Ербол Сейілхан
22.04.2015
Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
-Бұл сұрақ туралы сөйлескіміз де келмейді. Нақты ұстанымымыз бар. Яғни, одақ аясында ортақ валюта енгізуді мүлдем қарастырмау деген. 2025 жылға дейін қаржы нарығын реттеу туралы заңды жетілдіруіміз қажет. Бірақ, бұл валюталық одақ құру деген сөз емес.
Осылайша, Тимур Жақсылықов ресми Астананың пікірін білдіріп түрлі алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды. Негізі Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында бірыңғай ақша енгізуді Кремль қалап отыр. Тіпті орыстың ақпарат құралдары мен саясаткерлері осы бастаманы қолдап ашықтан-ашық насихат жүргізуде. Одан қалды Ресей президенті 20-шы наурызда Астанада өткен Еуразиялық одақ үштігінің кездесуінде Қазақстан мен Беларуське ортақ валюта енгізсек деген емеурін білдірген. Астанадан бөлек, ресми Минск те, ортақ ақша енгізуге қарсылық білдіріп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары