{metadescription}
Астанада тасқын зиратты шайып кетті
Астанада тасқын зиратты шайып кетті

Астанада тасқын зиратты шайып кетті

Астанада зиратты да су басып жатыр. Тасқын қаланың кіре берісіндегі ондаған бейітті шайып кеткен. Енді марқұмдардың құлап қалған қабіріне туыстары жақындай алмай жылап жүр.

Халима Мерабова, Астана қаласының тұрғыны:

-Анамның бейітіндегі белгі айдалада жатыр, ал жатқан жері ортасына опырылып түскен. Қаншама мәйіттің беті ашық қалды.

Мұнда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері қатар жерленген. Бейіттердің беті кілкіген су. Қызметкерлер көлшіктерді техникамен сорып тазартпақ болғанмен, қызыл су бой берер емес. Сондай-ақ, еліміздің өзге аймақтарында да қауіп сейілмей тұр. Тасқынның салдарынан қазір Қазақстан бойынша 1 жарым мың адам үйлеріне орала алмай жүр. Ақмола облысындағы суға басқан Жаңажол ауылының 50-ге жуық тұрғыны көрші елді-мекендегі мектепте тұрып жатыр. Қалғаны жақындарын жағалап кеткен. Ал, тасқын болған аймақтарда мүлдем жол жоқ. Қызыл су тас жолдарды бұзып, қақ ортасынан бөліп кеткен.

Руслан иманқұлов, ІІМ ТЖК ресми өкілі:

-Республикамыздың үш облысында 11 автожол учаскесінде су асуы сақталған. Ақмола облысында – 5, Солтүстік Қазақстанда – 4 және Қарағанды облысында 2-еу. Соңғы дерек бойынша, 16 188 эвакуацияланған адамның 14 631 үйлеріне оралды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде