{metadescription}
0:000:00
Назарбаев халықты сайлаудан қалмауға шақырды

Назарбаев халықты сайлаудан қалмауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдағы ең маңызды саяси оқиға  - президент сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жариялады! Конституцияның кепілі әрі қазіргі президент тұрғындарға Ата заңда жазылған міндетін орындап 26-шы сәуір күні жаппай сайлау учаскелеріне баруға шақырды. Өзі де додаға түсетін Елбасы, күллі әлем көз тігіп отырған сайлауда азаматтардың дауыс беріп өз таңдауын жасауы ел үшін өте маңызды деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Әр азамат өзіне ұнайтын саясатын білетін алға бастауға жарамды деген кандидатты сайлап алады. Бұл бір мәселе. Сайлауды дүниежүзінде білгісі келетіндер көп. 1 мыңнан артық бақылаушылар келіп отыр,200-ге жақын ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Менің айтайын дегенім сайлау өтеді деп үйде жатып алмай, сайлауға келіп дауыс беру керек. Неғұрлым көп халық келіп өзінің қатынасқанын көрсететін болса,соғұрлым Қазақстан өзінің бірлігін көрсетеді. Болашаққа деген сенімін көрсетеді. Мен халыққа сенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде