{metadescription}
Каспийде тағы атыс болды
Каспийде тағы атыс болды

Каспийде тағы атыс болды

Маңғыстаулық шекарашылар Каспий бекіресін қынадай қырып салған браконьерлерді қолға түсірді. Ұсталғандардың төртеуі де Әзірбайжан азаматтары. Бір тонна құнды балықты заңсыз аулаған қаскөйлерді құрықтау үшін әскерилер қару қолдануға тура келген.

Шағын кемеге мінген браконьерлер оңай ұстата қоймады. Соңдарынан қуған шекарашылар ақыры оқ атуға мәжбүр болған. Каспийдің Қазақстан секторындағы қызыл балықты қырып тастаған Әзірбайжан азаматтары екен. Кемелерінен қолдануға тыйым салынған «Калада» ауы мен тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қаскөйлер осылайша табиғатқа ғана емес, мемлекетке де аса ірі көлемде залал келтіріп отыр. Жалпы шығын 8 миллион теңгеге бағаланды. Қолға түскен 4 әзірбайжандық қазір ішкі істер органына берілді.

Руслан Исмайылов, «Тараз» шекара кемесінің командирі:

-Соңдарынан 20 минуттай қудық. Бізге теңізде көтерілген қатты толқын көмектесті. Олардың бекіреге лық толы шағын кемесі толқынға қарсы жүре алмай қалды. Әйтпесе, шапшаң кеме бізді соңында қалдырып кетуі де мүмкін еді.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде