Өскеменде 3-ші қабаттан құлаған бала аман қалды
Өскеменде адам сенгісіз жағдай болды. 2 жасар бүлдіршін сауда үйінің үшінші қабатынан құлап, тірі қалды.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
27.04.2015
Мына кадрларда бала баспалдақтармен жалғыз көтеріліп келе жатып, тайып жығылады. Сатының темір жақтауынан асып бірінші қабаттағы кафель төселген еденге етпетінен құлаған. Ал анасы бірнеше қадам алда келе жатып, әлденеге көңілі ауып кетіпті. Сәби бірден ауруханаға жеткізілді. Үшінші қабаттан құлаған нәрестенің аман қалғанына дәрігерлер таңданып отыр.
Серік Қизатуллин, балалар нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі:
-Жағдайы қазіргі уақытта орташа. Бас ми жарақаты мен ми шайқалу диагнозы бойынша ем қабылдауда. Бәрі жақсы. Келесі аптаның ортасында анасымен үйіне жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!