{metadescription}
Алматыда құлаған көпір астынан бір адамның мәйіті табылды
Алматыда құлаған көпір астынан бір адамның мәйіті табылды

Алматыда құлаған көпір астынан бір адамның мәйіті табылды

Көпір астында қалған басқа мәйіт жоқ! Құтқару жұмыстарын төртінші күні толығымен тоқтатқан төтенше жағдайлар қызметі үйіндінің астында қалған адамдардың біреуі қаза тапқанын мәлімдеді. Қирандыны күндіз-түні ақтарған мамандар 60 жастағы азаматтың мәйітін қазып алған. Ал алып құрылысты құрдымға жіберген компанияға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Құрылыстың басында қайғырмасын деп компания жазатайым жағдайға ұшырамаған жұмысшыларын түгел таратып жіберіпті. Қазір мұнда мүлдем басқа бригаданың адамдары жүр.

-Қазір көпір құлаған аумақта қызу жұмыстар жүргізілуде. Бірақ, құрылыс емес, керісінше қажет болмай қалған темір-терсектерден аршу жұмыстары. Осынау алып көпірдің астында қалып қойған азаматтың да аты-жөні белгілі болды. Ол 55-ші жылы туған Иманқұлов Тоқтасын Тасқынбайұлы. 60-қа толған марқұм осы көпірдің құрылысын бітіре салысымен, зейнеткерлікке шығуды жоспарлапты.

Бірақ құрылысшының арманы орындалмады. Құтқарушылар оның жаншылған денесін тек түн ортасында тапты. Тонналаған темірдің астында басқа да тірі жанның қалып кетуі мүмкін деген ақпаратты департамент қызметкерлері жоққа шығарды.

Ерік Алпысбаев, Алматы қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

-Басқа адамның қалып кетуі мүмкін емес. Апат орнын әдбен қаздық. Төрт тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргіздік. Мұнда тек құрылыс қалдықтары ғана жатыр.

Қазір апат орнында жұмысшылардан гөрі бешпет киген комиссия мүшелері көп. Бәрі бірдей келген шығынды есептеп жүр. Тек алдымен компания өкілдері құрылыстан кеткен қателікті табуы тиіс.

Басшылары тілшілермен тілдесуден үзілді-кесілді бас тартқан «Базис» компаниясына қатысты бүгінде екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Алпауыт құрылыс мекемесінің өкілдері кісі өлімі мен сақтық шараларын сақтамағаны үшін жауап беретін болады. Ал оқиғаның ең негізгі куәгерлері әлі де ауруханада жатыр. Біреуінің омыртқасы сынып, төсекке таңылса, тағы 10 адамның миы шайқалып, аяқ-қолы сынған.

Болатбек Баймаханов, №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

-Нейрохирургия бөлімшесінде. Басына, миына жарақат алғандар. Орта, ауыр жағдайда. Бәрі емдерін алып жатыр. Ешқандай қауіп жоқ.

Зардап шеккендердің емі үшін компания қалтасынан көк тиын да шығармапты. Бәрі де үкіметтің есебінен емделуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде