{metadescription}
ОҚО-да өмірден түңілген әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірген
ОҚО-да өмірден түңілген әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірген

ОҚО-да өмірден түңілген әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірген

Оңтүстік Қазақстанда жантүршіктірерлік қылмыс жасалды! Сарыағашта әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірді. 11 жасар Балым мен 9 жасар Аманкүлді туған шешелері буындырып тастаған. Тергеушілерге берген жауабында Фируза Тулағанова есімді келіншек, мұндай сұмдыққа өмірден түңілген соң бардым депті. Қамауда отырған қатыгез ананың қазір ақыл-есі тексерілуде.

Сарыағаштағы Жүсіпбек Аймауытов мектебінің ұжымы мен оқушылары әлі есеңгіреп жүр. Күнделікті қол ұстасып сабаққа келетін апалы-сіңілі Балым мен Аманкүлдің өлімі туған анасынан келгенін естіп жағасын ұстап отыр.

Ләзакат Тағаева, мектеп директоры:

-5-ші сыныптағы қыз сәл тұйықтау еді. Сабаққа күнде қатысып дер кезінде сабақтарын орындап жүрген. Анасы да жиналысқа қатысып жүрген.

33 жастағы Фируза Тулағанова бірнеше жыл бұрын күйеуі өлген соң бір қызын нағашыларына қалдырып, екі қыз бір ұлымен Сарыағаштың өзіне көшіп келген екен. Әр жерде кондитер болып жұмыс істеп мына жалдамалы пәтерде тұрыпты. Қазір бұл есікке полицейлердің мөрі басылып, тарс жабық тұр.

-Бұл есік ұзақ уақытқа жабылған сияқты. Полицейлермен бірге келген Фируза олардың алдында өз қылмысын жайып салған. Ол үлкен қызын буындырып өлтірсе,кейін кіші қызын жайратып салған.

Фирузаның айтқандарын көршілері естіп тұрыпты. Әбден қорқып қалған қоңсылары камераға ашық айтуға қорқады.

-Полицейлермен келгенде оның айтқанын естідік. Үйіндегі заттарын шашып, екі қыз бір-бірін буындырып өлтіргендей қылып көрсеткісі келіпті. Кейін күйеуінің галстугымен буындырып өзі өлтіргенін айтты.

Қатыгез әйелдің қолына сол жерде кісен салынған. Енді оның ақыл есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.

Нұрлан Сапаров, Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары:

-Екі жасөспірім қыздардың мәйіті жеткізілді. Біреуі 2004, біреуі 2006 жылғы туыстар, апалы сіңлілі. Мойындарында тұншықтырылған белгілері бар.

Фирузаның тағдыры енді сот-медициналық сараптадан кейін шешілмек. Ол тіпті өмір бойына темір тордан шықпауы да мүмкін. Ал, үлкен ұлы тірі қалған жалғыз қарындасымен туыстарының қолына өтетін болды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.