{metadescription}
Астанада жас жігітті өлімші етіп сабап тастаған кәсіпкер қамауға алынды
Астанада жас жігітті өлімші етіп сабап тастаған кәсіпкер қамауға алынды

Астанада жас жігітті өлімші етіп сабап тастаған кәсіпкер қамауға алынды

Елордадағы ең қымбат мейрамханалар мен қонақүйлер желісінің иесі Қайрат Жамалиев енді тергеу аяқталғанша екі ай абақтыда отырады.

Жас жігіттің әкесі әлеуметтік желіде көмек сұрап хабар таратқан соң бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндірген болатын. Нұрлан Жұмағұлов өлім мен өмір арасында жатқан 24 жастағы ұлының суретін де жариялады. Айтуынша, Әлібиді белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ыстық үтікпен азаптап, өлімші етіп тепкілеп, құлағын кесіп алған. Тіпті екі кісіні өлтірдім деп мойындатқызып, таспаға түсіріпті. Ал даудың басы бай кәсіпкердің ерке тоқалынан басталған көрінеді. Келіншек жас жігітпен көңіл қосқан дейді әкесі. Мұны көтере алмаған Жамалиев жандайшаптарымен бірге жабылып Әлібиді өлімші етіп сабаған. Күрмеуі көп істің нақты қалай өрбігенін енді тергеу анықтауы тиіс. Іс қазір Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Ал бұл қылмыс қоғамда үлкен шу туғызып жатыр. Тіпті жұрт бір-бірін Қайрат Жамалиевке тиесілі Астанадағы бірнеше мейрамхана, караоке-бар мен құрылыс компаниясына мүлдем бас сұқпауға шақырды. Қазір Әліби Жұмағұловтың өзі ауруханада жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.