Ақтөбеде жалақысын даулаған мұнайшылар шу шығарды
Ақтөбеде мұнай компаниясының жұмысшылары 7 айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Осы уақыт бойы олар құзырлы органдардың барлығына дерлік арызданыпты. Бірақ оңтүстіккореялық «Лаймс Джамп» компаниясы оларға көк тиын да төлемей жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.04.2015
Айлықтарын даулаған мұнайшылар компания есігін кезекпен күзетуді әдетке айналдырған. Қолдарында маңдай терімен тапқан ақшаларын өндіру туралы соттың шығарған шешімі де бар. Тіпті жергілікті әкімдік осы мәселені шешуге араласып көріпті. Ал «Лаймс Джамптағылар» оларға кепілдік хат беріп, шығарып салған. Жалақы бойынша 20 млн теңге берешек кәріс компаниясы басшылығын табу мүмкін емес. Құрғақ уәдеге тойған қараша енді Ақордаға арыздануды ойластырып отыр. Өйткені әрбірінің бастарындағы қарыздары жарты жылдан бері еселеп өсіп, күнделікті ас-суларын айыратын ақшалары қалмапты.
Нұрбек Мұқашев, мұнайшы:
-Істегеніме біраз болды. Әлі ала алмай жүрміз ақшамызды.Несием бар еді, үйімді кепілдікке салып қойды. Бір күні тартып алады. Ақшасы төленбеген соң.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!