{metadescription}
Ақтөбеде мұғалім мектепте асылып өлді
Ақтөбеде мұғалім мектепте асылып өлді

Ақтөбеде мұғалім мектепте асылып өлді

Ақтөбедегі мектептердің бірінде еңбек пәнінің мұғалімі өзіне қол салды. Оның кабинетінде асылып тұрғанын бірінші әйелі көрген.

47 жастағы Мұрат Тукин сол күні түске дейін шеберханада екі сыныпқа сабақ беріпті. Одан соң оны ешкім көрмеген. Мектептегілер де тек әйелі келіп естірткен кезде бір-ақ біледі. Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал екі баланың әкесінің неліктен осылай өмірмен қош айтысқанын әріптестері түсінбей отыр. Күйзеліп жүргенін байқамаған. Қазір педагог асылып өлген шеберхана құлыптаулы тұр.

Елена Шмелева, №3 орта мектеп директорының орынбасары:

-Біздің мектепте 13 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әріптестерімен әзілі жарасқан ашық-жарқын адам еді. Не болғанын өзіміз де түсінбей отырмыз. Оқушыларға да бұл оқиғаны айтпауға тырысамыз. Себебі, балалардың қайғырып, күйзелгенін қаламаймыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.