{metadescription}
Алматыда құлаған көпір астында қалып зардап шеккендерге өтемақы беріледі
Алматыда құлаған көпір астында қалып зардап шеккендерге өтемақы беріледі

Алматыда құлаған көпір астында қалып зардап шеккендерге өтемақы беріледі

Алматыда көпір құлап, зардап шеккендерге қаржылай көмек берілетін болды. Өтемақының алды төленіп те жатыр. Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан Тоқтасын Иманқұловтың отбасына жұмыс берушілері 2 миллион теңге берді.

Ал артында қалған жесіріне өмірінің соңына дейін зейнетақы тағайындауды ойластырып жатыр екен. Өтемақы ауруханада жатқан 11 құрылысшыға да төленеді деп сендірді компания басшылығы. Шығын тек олардың алған жарақаттарына қарай өтелмекші. Қазіргі жазатайым өлім құша жаздаған 56 жұмысшының бәрі демалысқа жіберілген. Ал апат себебі әлі күнге дейін белгісіз. Салынып жатқан көпірдің құлауына не себеп болғанын арнайы комиссия анықтауда.

Серік Бекмұрзаев, марқұмның туысы: 

-Шынымызды айтсақ, компания тарапынан мұндай қамқорлықты күткен жоқпыз. Жерлеу рәсіміне қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Әрине, жазмыштан озмыш жоқ. Енді тергеу нәтижелерін күтеміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде