{metadescription}
Дубайда қазақ келіншек аяусыз соққыға жығылды
Дубайда қазақ келіншек аяусыз соққыға жығылды

Дубайда қазақ келіншек аяусыз соққыға жығылды

37 жастағы Нұргүл Нұрғалиева ол жаққа жұмыспен барған екен. Оқиға 1 ай бұрын сол қаладағы қонақ үйлердің бірінде болғанымен, бұл туралы енді ғана айтылып жатыр.

Дубайға қыдырып барған Қазақстан азаматтарымен жолығу үшін Нұргүл такси шақыртып, қонақ үйге барады. Діттеген жеріне келген соң, жүргізуші отандасымыздың артынан байқатпай еріп келіп, лифтінің ішінде тепкінің астана алыпты. Кейін қолындағы ақшасын алып, ізін суытқан. Ал ауыр соққыдан әйелдің бас сүйегі мен жағы сынып, жансақтау бөліміне жеткізілген. 16 күн бойы комада жатқан отандасымыз қазір беті бері қарап, ауруханадан шығарылды. Күдікті де ұсталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Нұргүл әлі де сол Дубайда. Ал оның Алматыдағы туыстары жасалған ем-домға қажетті қаржыны жинауға халықтан көмек сұрап отыр.

Берік Нұрғалиев, Нұргүлдің інісі:

-Алғашқы медициналық көмек көрсеткендері тегін екен. Ал, қалғаны емдегені, жасаған операциясы бар, комасы бар соның бәріне 15 мың доллардай керек. Соны  төлемейінше, ешқайда шыға алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде