{metadescription}
Семейде «Құнанбай» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
Семейде «Құнанбай» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Семейде «Құнанбай» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

19-шы ғасырда ел билеген тарихи тұлға Құнанбай Өскенбайұлы туралы туындыны алғаш болып, шығыстағы зиялы қауым өкілдері тамашалады.

«Мен екеуіңді нөкер болуға жарайды деп, жаныма ерттім! Көзім мен құлағым болсын деп! Сонда екеуіңнің нөкер болғандарың осы ма?!»

Фильмге режиссерлік етіп, басты рөлді сомдаған – халық әртісі Досхан Жолжақсынов. Туындыны түсіру үшін 1 жыл уақыт пен 4 млн долларға жуық қаржы жұмсалыпты. Түсірілім тарихи тұлғаның туған жері, қазіргіАбай ауданында өткен. 19-шы ғасырдағы қазақ тұрмысын шынайы көрсету үшін 150 киіз үй тігіліпті. Сондай-ақ, Ресей империясының отаршылдығы күшейген тұста аға сұлтан Құнанбайдың ел билеуі, даулы мәселелерде қара қылды қақ жарып, әділ шешім шығарғаны шебер көрсетілген. Шариғат талаптарын да ескерген аға сұлтан ұрлыққа, барымтаға, зинақорлыққа жол бергендерді қатаң жазаға тартады. Құнанбайды сомдаған Досхан Жолжақсынов руаралық тартыстарды шешкен сұлтанның сыртқы бейнесінен гөрі ішкі жан-дүниесін жеткізу басты мақсатым болды дейді. Картина 25-ші мамырдан бастап көрерменге жол тартады.

Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық артисі:

-Біздің Төкен Ибраимов ағамыз айтады, Құнанбайдың суреті болмаған дейді. Болған суреттің барлығы жалған дейді. Антропологиялық сыртқы пішінінен қарағанда іш керек сықылды! Ол шынымен солай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде