{metadescription}
Жеке детективтердің қызметіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау үлкен дауға ұласты
Жеке детективтердің қызметіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау үлкен дауға ұласты

Жеке детективтердің қызметіне қатысты жаңа заң жобасын талқылау үлкен дауға ұласты

Депутаттар детективтерден неге қатты қорқады? Бүгін Мәжілісте жеке детективтердің қызметіне қатысты жаңа заң жобасын  талқылау үлкен дауға ұласты. Ал Әділет министрлігі детективтерге жасырын видео, фото түсіруді заңмен тыйым салмақ. Отандық Шерлок Холмстардың қызметіне шенеуніктер ғана емес, халық қалаулылары да шектеу керек деп күшке мінді. Себебі ешқайсысы соңдарына аңдығанан қаламайтындарын ашық айтып отыр.

Әдетте, депутаттар Әділет министрі әзірлеген заңды қызыл кеңірдек  болып талқыламай-ақ бірден қабылдап жіберетін. Бұл жолы Берік Имашевтың алып келген «Жеке детективтер» туралы құжаты Мәжілісте үлкен дау тудырды. Заң бойынша детективке мынадай талаптар қойылады.

Берік Имашев, Әділет министрі:

-Жоғары заң білімінің және құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жедел немесе тергеу бөлімшелерінде кемінде 15 жыл еңбек өтілінің болуы, 35  жасқа толуы. Сотталмаған болуы.

Сондай-ақ, олар қылмыстық және әкімшілік істерге араласа аламайды. Детективтер тек адаммен сұхбаттасуға, ол туралы жеке ақпараттар мен құжаттарға сұрау жасай алады. Ал, видео, аудио, фото жазбаға қатаң тыйым салынбақ. Осы ретте депутаттар детективтерді жураналситермен салыстырды.

Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:

-БАҚ-на ақпаратты сұрауға, оны жариялауға, аудио, видео таспаға түсіруге рұқсат етілген және журналистердің жасына шектеу жоқ. Детектив суретке түсіру үшін аңдып жүрген адамнан рұқсат сұрау керек. Сонда не болмақ?

Депутаттардың енді бірі: детективтер отбасылық мәселеге аралспасын, біреудің күйеуін немесе әйелінің соңына түспесін деп отыр. Айтуларынша, тек жоғалған адам мен құжатты іздеу керек екен. Енді бірі бизнесі үшін алаңдаулы.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Бұл жеке кәсіпкерлерге үлкен қауіп болайын деп отыр. Әр кәсіпкердің бәсекелесі болады. Сол бәселесті жеңіп шығу үшін түрлі қадамдарға, түрлі шараларға баруы мүмкін.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

-Мені біреу, басқа адамдарды бақылап, қайда жүр екен, не істеп жүр екен. Оның үстінен құжат жинау дегенге келісім бермеймін.

Депутаттар детективтің қызметі төңірегінде енді тартысып жатқанымен, Қазақстанда мұндай агенттіктер жұмысын жандандырып алған.

Олар әзірге жасқа да, салынған тыйымдарға да қарамайды. Мәселен, 27 жастағы Әлібек 3 жыл бұрын қасына отставкадағы 8 тергеушіні жинап, агенттік ашыпты. Содан бері ірі кәсіпкерлердің әйелін немесе күйеуін, баласының жүрген-тұрғанын аңдумен айналысады. Бір күндік қызметі 70 мың теңге. Детектив бұл заңның мүлдем керегі жоқ деп отыр.

Әлібек, детектив:

-Қару туралы ол дұрыс, біз оны қолданбаймыз. Ал, фото, видео керек. Клиент бізден сұрайды, фотосын ең болмағанда. Онда вообще қабылдамасын бұл заңды, біз подпольно жұмыс істей береміз.

Осылайша депутатар детективтердің ісін заңдастыру төңірегінде  2 сағат бойы тартысты. Жеме-жемге келгенде Берік Имашевтің көңілін қалдырғысы келмеді ме, шикілігі көп деген құжатты ақыры бірінші оқылымда мақұлдап жібереді. Ал, жеке бизнесі, өздері туралы ақпараттың жария болып кетуінен қатты қорқатын мәжілісмендерден Әділет министрі айтқан ескертпелеріңізді екінші оқылымда түзеп келем деп құтылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде