Ақтауда газ бағасының көтерілуі жұрттың ашуын тудырды
Ақтауда сұйық газдың бағасы шарықтап кетті. Осыдан екі күн бұрын 25-27 теңге болса, бүгін 40 теңгеге бір-ақ жеткен. Онымен қоймай, көптеген газ құюбекеттерінде сұйық отын тапшы.
Автор: Сандуғаш Шортанова
13.05.2015
Абай Байжанақов, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Газ өзімізден шығады дейді. Газ жоқ. Қарайған уақыт алып, тұрмыз манадан бері. Ана беттердің бәрін аралап келе жатырмын. Жоқ! Кеше 35 болды. Бүгін 40 болып тұр. Мүмкін ертең 45-50 болатын шығар.
Қазір газ құйдыру үшін жүргізушілер кезек күтуге мәжбүр. Ол да тек кейбір жекеменшік станцияларда сатылып жатыр. Ал «ҚазМұнайгаздың» бекеттерінде газ атымен жоқ. Бағаның құбылып, сұйық отынның тапшы болуы – 80 пайыз көлігі газбен жүретін ақтаулық жүргізушілерді тығырыққа тіреді. Жалпы, көгілдір отынның құны жаңа жылға дейін ресми түрде 37 теңге болатын. Наурыз айында Энергетика министрінің жарлығымен баға 10 теңгеге арзандаған. Ал бүгін көгілдір отынның құны бірден 40 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Бағаның қайтадан шарықтауына жергілікті билік кәсіпкерлерді кінәлап отыр. Құнды көтеру үшін алыпсатарлар әдейі елді дүрліктіреді дейді олар. Ал ірі газ құю стансаларындағы көгілдір отынның жоқ боп тұрғанына себеп – газ өңдеу зауытындағы көтерме бағаның төмендеуіне байланысты алыпсатарлар оны түгел сатып әкеткен.
Сүйіндік Алдашев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
-Арзан бағасына сатып тұрған «ҚазМұнайгаз-өнімдері» заправкалары 27 теңгеден. Газдың жоқтығынан таусылып қалды. Арзандығынан тез алып кетті. Біз осы газды таусылмайтындай қылып, ГПЗ-мен келісіп отырмыз. ҚМГ заправкаларын біз күні-түні жабдықтап отыруымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!