{metadescription}
Қостанай облысында қырылған киіктердің саны мыңға жетті
Қостанай облысында қырылған киіктердің саны мыңға жетті

Қостанай облысында қырылған киіктердің саны мыңға жетті

Жұт ошағы Амангелді ауданындағы Жолабай елді-мекені. Айдалада сұлап жатқан түз жануарының өлекселерін ветеринарлар жинап үлгере алмай жатыр.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі алғашқы болжамын жасап үлгерді. Шенеуніктер әдеттегісінше, ақбөкендер пастереллез дертінен ажал құшуы мүмкін дейді. Өйткені киіктердің іштері кеуіп, ауыздарынан көбік ағып, қан кеткен. Оның үстіне, биылғы қыстың  ұзақ болғандығынан ақбөкендердің ағзазы әлсіреген көрінеді. Қазір эпидемиялық жағдай ушығып кетпесі үшін өлекселер дереу  көміліп жатыр. 3 жыл бұрын да дәл осы Қостанай облысында киіктер жаппай қырылған еді. Кейін олардың сол пастереллезден өлгені айтылды. Бұл жолғы себепті анықтау үшін де арнайы комиссия құрылған. Жалпы елімізде қызыл кітапқа енген киелі жануардың 260 мыңға жуық басы қалған.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Өлген киіктің етін, ішек-қарынын алып, шөптің, судың, топырақтың сынамаларын алып барлығын зерттеуге жібердік. Ал, енді оның нәтижесін бір аптадан кейін аламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде