{metadescription}
Атырауда үйлерін жаңбыр суы басқан тұрғындар көмекке зәру
Атырауда үйлерін жаңбыр суы басқан тұрғындар көмекке зәру

Атырауда үйлерін жаңбыр суы басқан тұрғындар көмекке зәру

Атырауда үйлерін жаңбыр суы басқан тұрғындар көмекке қол жеткізе алмай отыр. Өңірде кешелі бері толассыз жауған нөсерден елуден аса үйді су шайған. Бір күннің өзінде мұнда 4 айлық жауын мөлшері түсіпті. 500-ден астам адамды шұғыл қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Десе де жұрт су астында қалған үйлеріне алаңдаулы. Өйткені, техниканың жеткіліксіздігінен белуардан келетін қызыл суды сорғызу мүмкін болмай тұр.

Айман  Қажығалиева суға кеткен баспанасын қимай жүр. Түн ортасында лап қойған судан оянып, іле-шала төтенше қызметке хабарласқан. Бірақ, арада екі тәулік өтсе де, әлі ешкім келмепті. Үйдегі бас көтерер жалғыз өзі болған соң, балаларын туыстарына жіберіп, қазір суға кеткен шаңырағын күзетіп жүр.

Айман Қажығалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Прокуратурадан келіп, жігіттер жазып кетті. Жазуын жазып жатыр ғой, қайдан білейін, бірақ келіп жатқан көмек жоқ. Әәлі келіп сорған жоқ. Үй сол күйінде, екі тәулік суда тұр.

Қалада қазір осындай 50-ден аса үй суда тұр. Тұрғындардың бір бөлігі қолдарына жарамды заттарын алып, туыстарын жағалап кетсе, көпшілігі мектептерге бөліп орналастырылған. Тамақ, жатын орын жасалғанымен жұрт енді белуардан су ортасында қалған үй-жайына алаңдаулы.

Жұмагүл Көпбергенова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бұл жерден барынша қамқорлық қылып жатыр. Жетпестігіміз көп балдарға айтатын. Үйіміздің енді сиқын көретін ешбір адам келген жоқ, бір полициядан өзге жан келген жоқ, мен әкімдікке барып арыз бердім, «НұрОтанға» бардым.

Десе де құтқарушылар қол қусырып отыр деуге болмайды. Төтенше жағдайлар қызметі екі тәуліктен бері тынбай әрекет етіп жатыр. Тек оларға техниканың жетіспеушілігі қолбайлау. Бірақ жағдайды бақылауға алдық дейді олар.

Марат Құрманов, Атырау облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

-Атырауға мүлде тән емес құбылыс болды бұл. Бірден 4 айлық көлеміндегі жауын-шашын түсті. Әкімдік пен арнайы қызмет жағдайды тұрақтандыру үшін бар күшін салып жатыр. Су соратын көліктер жанар-жағар маймен  қамтамасыз етілуде. Қарап отырғанымыз жоқ, жүріп жатыр жұмыс.

Нөсер жауыннан кейін көтерілген су арық жүйесінің жоқтығынан тұрғынүйлерге қарай жайылған. Қазір 50 баспана тұруға жарамсыз. Тіпті мектеп пен балабақшаларды да уақытша жабуға тура келген. Ал Атырау аспанының әзір ашылар түрі көрінбейді. Синоптиктер апта соңына дейін жауынды болады деп болжап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде