{metadescription}
Қыздардың омырауына қатысты дау Мәжіліске жетті
Қыздардың омырауына қатысты дау Мәжіліске жетті

Қыздардың омырауына қатысты дау Мәжіліске жетті

Бүгін депутаттар Білім министрінен 8-ші сыныпқа арналған Қазақстан тарихы пәніндегі анайы ақпаратқа жауап берулерін талап етті. Оқулықта: «қазақ қыздарын күйеуге шыққан әйелдерден ажырату үшін қос анарына қысып білген» деген мәлімет бар. Депутаттар бұдан бөлек, Сәрінжіповтың оқулықтарда өріп жүрген қатесін бетіне басып, оңбай қойған кітапқа бюджеттен ақша бөлмеу керек деп қорқытты. Ал министрдің мақтанып Мәжіліске әкелген кітабы жыртылып ұятқа қалды.

Білім министрлігі жыл сайын жаңартатын мектеп оқулықтарын Мәжіліске кезекті рет көтеріп келіп, жетістіктерімен мақтанбақ болған. Бірақ, парламенттегі кітап көрмесі сәтсіз басталды. Ұзын-сонар сөредегі сонша оқулықтың ішінен депутаттардың көзі дәл мына Қазақстан тарихына түсіп, шенеуніктердің басы бәлеге қалды.

-Бар, бар, міне, емшегінен ұстайды деген. Басқаша жақсы тілмен көрсетуге болады. Ал, емшегін ұстап анықтады деген не сұмдық ? Орыстардың аудармасы неге керек? Ол Кеңес өкіметі кезінде жазылған.

Депутаттардың даулап тұрғаны 8-ші сыныпқа арналған Қазақстан тарихы. Оқулықта қазақ қыздарының намысына тиетін, анайы ақпарат бар деп бұған дейін ұстаздар наразылық білдірген.

Катаин Уәли, тарих пәнінің мұғалімі:

-Аузым бармайды. Қайтейін, оқып берейін. Қыздардың күйеуге шыққанын өзге әйелдерден айыру үшін олардың емшегін ұстап шығуға дейін барған дейді. Мынаны оқулыққа кіргізуге бола ма?

Білім министрлігі тарих пәніндегі сорақылыққа қатысты мардымды жауап қатпады. Есесіне, биыл 1-ші сыныпқа арнап қазақ тілінен баламасы жоқ, жаңа оқулық жазып шықтық деп мақтанды. Оған қазынадан 70 миллион теңге жұмсалыпты. Шенеуніктер сол кітаптарды депуттарға түгел тараптып, сүйінші сұрамақ болып еді, тағы да жолдары болмады.

Жексенбай Дүйсебаев, Мәжіліс депутаты:

-Мұнда бір жұмбақты жазыпсыздар. Тіл ашар дейді. 1-ші сынып. Жұмбақта былай жазылыпты: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Бұл не жұмбақ па, жаңылтпаш па? Жаңа осы жердегі Халық қаһарманы әріптесім  сұрады, айтып берші деп. Әлі шешпедім.

Тіпті су жаңа кітап депутаттардың қолына тимей жыртылып қалды. Ал кітап басуды мемлекеттік өз қолына алсын деген бастамаға Сәрінжіпов Үкімет келістірмейді деп қарсы шықты. Одан қалды бас мұғалім бастауыш сыныпты кітаппен қамтуға бөлінген 14 миллиардтты жеткізе алмай тағы 2 миллиард сұрап отыр.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Құрметті әріптестер, министрлік жаңа бюджет үшін тағы келеді. Мен оқулыққа енді бір тиын да қоспайық деген ұсыныс жасаймын. Балама оқулықтарды қысқартып, нақты бір кітапты жазып шықсын, сөйтіп шығынды қысқартсын. Сонда ғана нәтиже болар.

Аслан Сәрінжіпов әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы қатеге қатысты да ақталды. Министр атасының 100 жасқа толғаны мен «ауыл» деген сөзді қате жазып, ұятқа қалған болатын.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Фейсбукта   отыры, жазуға уақытым жетпейді. Аптасына бір-екі рет оқимын. Бірақ , менің атымнан көмекшілерім кіріп суреттер салып, жазады. Сол қате кетті деп маған айтты. Бірақ, ол қатені түзеттік.

Ал Білім министрін депутаттар 4 сағат бойы тоқпақтады. Бірақ  сөзден сүрінбейтін Сәрінжіпов айтылған сындарды жаңа оқу жылында  түгел түзеймін деп ант-су ішті. Тіпті 10-тамызға дейін еліміздегі бүкіл мектепті кітаппен қамтып үлгеруге уәде етті. Оқу жылы аяқталып, алда тест келе жатқанын ескерсек, бас мұғалімнің басы әлі талай даудан арылмасы анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.