{metadescription}
Кабулда қаза тапқан қазақ қызының денесі елге жеткізілмей жатыр
Кабулда қаза тапқан қазақ қызының денесі елге жеткізілмей жатыр

Кабулда қаза тапқан қазақ қызының денесі елге жеткізілмей жатыр

Ауғанстанда содырлардың қолынан қаза тапқан қазақ қызы  Әйгерім Абдуллаеваның денесі әлі елге жеткізілмей жатыр. Опат болғанына 6 тәулік өтсе де, мәйітті арулап жерлей алмаған туыстары бүгін Сыртқы Істер министрлігінің алдында наразылық білдірді. 13-ші мамырда Әйгерім Абдуллаева италиялық күйеуімен тоқтаған Кабулдағы қонақүйге тәліптер басып кіріп, шетел азаматтарын қырып салған болатын. Олардың арасында біздің жерлесіміз де болған.

Қызынан айырылған Әзиза Абдуллаеваның қазір денсаулығы сыр беріп әлсіреп қалыпты. Кабулдағы лаңкестік шабуыл кезінде Әйгерім италиялық күйеуімен бірге оққа ұшқан болатын. Осы ұлты бөлек, әр өзінен 20 жас үлкен Аллесандро Абатиге тұрмысқа шығуға анасы әу баста қарсы болғанын айтып жылап отыр.

Әзиза Абдуллаева, Әйгерім Абдуллаеваның анасы:

-Қызымның шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуына қарсы болдым. Алайда, бір-бірін қатты жақсы көрді. Ол еліне оралғанымен кейін қызымды алып кетуге қайтып келді. Сосын келісім беріп ұзату тойын жасап бердім.

Ал Әйгерім Абдуллаеваның қазасын естіген туыстары жан-жақтан келіп алған. Алайда , арулап жерлеу үшін мәйіт Ауғанстаннан әлі жеткізілмей отыр. Отандық дипломаттардың қауқарсыздығына өкпелеген марқұмның жақындары бүгін Сыртқы Істер министрлігінің алдына жиналып бала-шағасымен наразылық білдірді.

Мыңай Ибраева, Әйгерім Абдуллаеваның  әжесі:

-Қазақстанның азаматы ғой,Конституцияда солай жазылған.  Қазақстан азаматын қорғауы деген осы ма? Айтыңдаршы.

Өңшең шетелдіктер тұратын Кабулдағы қонақүйге тәліптер өткен сәрсенбіде шабуыл жасаған болатын. 28 жастағы Әйгерім де сонда италиялық күйеуімен бірге тұрған екен. Аллесандро Абати Ауғанстанның Сауда  министрлігінде кеңесші боп жұмыс істепті. Ал дипломаттар мәйіттің кешігуін Ауғанстанда бейсенбі-жұма күндерінің демалысқа тап болуымен түсіндірді. Сондықтан Әйгерімнің денесі ертең елге  жеткізілмекші.

Алтай Әбибуллаев, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Ертең сағат 11-30-да Кабулдан Стамбул арқылы Алматыға жетеді мәйіт. Ал сәрсенбіде Астанаға жеткізіледі.Оған Қазақстанның бюджетінен көзделген қаражаттар болады осындай жағдайда.Бұл елмен тікелей әуе қатынасы болмағандықтан,түсінушілікпен қарау керек.

Ал Әйгерім Абдуллаева бір ай бұрын ғана Астана келіп, отбасымен қауышып қайта Кабулға оралған екен. Жат жерде оққа ұшқан ерлі-зайыптылардың Италиядағы үйлену тойы 18 шілдеде өтуі тиіс болатын. Алайда, тойға әзірліктің соңы осылайша қайғымен аяқталып отыр. 48 жастағы Аллесандро Абатидің денесі де отанына енді жеткізілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде