Маңғыстауда азғынның жазасын ауылдастары бермек болды
Маңғыстау облысында 8 жасар қызды зорлап, артынша айуандықпен өлтірген адам қолға түсті. Педофилді Сай-Өтес ауылының тұрғындары ұстап алған. Ашулы жұрт полицияны күтпей, азғынның сазайын өздері бермек болды.
Автор: Сандуғаш Шортанова
18.05.2015
- Бері қара!
- Не деп қараймын?
28 жастағы күдікті оқиға орнына ұялы телефонын қалдырып кетіпті. Ауыл тұрғындары оны сол арқылы тауып, полицияға тапсырды. Аулада ойнап жүрген 8 жастағы Фарида үйге оралмапты. Тек оның жансыз денесін туыстары түнгі 3-тер шамасында күдікті тұратын үйдің жанынан тапқан. Қыздың денесі бастан аяқ топыраққа ауналыпты. Туыстары педофил Фариданың аузына құм құйып, тұншықтырып өлтірген деп отыр. Жалпы кәмелет жасқа толмағандарды зорлау дерегі соңғы кезде Сай-Өтес ауылында өршіп тұр. 5 жыл бұрын туған 3 қызын кезек-кезек зорлап жүрген әке сотталса, одан соң 12 жастағы қызбен жыныстық қатысқа түскен адам ұсталған еді. Сондықтан ауыл тұрғындары педофилдерді өлім жазасына кесу туралы қол жинап жатыр.
Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі:
-Қазіргі таңда қамауға алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, осы сараптама нәтижесінде нақты баптар бойынша іс қозғалып, сотқа жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!