Павлодарда баланы ажалдан құтқарған оқушы марапатталды
Павлодарда өз өмірін қатерге тігіп, 4 жасар баланы ажалдан құтқарған жеткіншек марапатталды. 8-ші сынып оқушысы Зейнеп Қабылбек биыл ақпан айында өрт сөндірушілер жеткенше, жалын ішінен бүлдіршінді аман алып шыққан болатын.
Автор: Әйгерім Шакаманова
19.05.2015
Зейнеп қарсы үйдің бірінде түтіннің иісі шығып жатыр дегенді көршілерінен естіп, алды-артына қарамай сонда жеткен. Іштен баланың шырылдаған дауысын естіген ол, қою түтіннің ортасынан 4 жасар бүлдіршінді сыртқа алып шығады. Түтін жұтқан балаға сүт беріп, алғашқы көмек те көрсеткен. Қаршадай қыздың қайсарлығына тәнті болған өрт сөндірушілер оны марапатқа ұсынған еді.
Зейнеп Қабылбек, оқушы:
-20-шы ақпан күні мен баланы құтқарғаным үшін бүгін Төтенше жағдай комитетінен үлкен марапат алып жатырмын. Үйде де бір қуаныш бар. Анам босанды. Мен өте қуаныштымын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!