{metadescription}
Балқашта алқа билер ақтап алған әнші жігітке қатысты сот қайта өтеді
Балқашта алқа билер ақтап алған әнші жігітке қатысты сот қайта өтеді

Балқашта алқа билер ақтап алған әнші жігітке қатысты сот қайта өтеді

Алқа билер ақтап алған Балқаштық әншіге қатысты үкімді апелляциялық сот жоққа шығарды. 14 жастағы Виктория Шевкунованың өліміне күдікті ретінде танылған Станислав Кимге қатысты сот ісі қайта жүретін болды.

Қансыраған қыз өткен жылдың қарашасында Балқаштың орталық саябағынан табылған болатын. 14 жерінен пышақталған ол, ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қылмысқа күдікті ретінде 20 жастағы Станислав Кимнің қолына кісен салынған. Өйткені қансыраған қызға жедел жәрдем шақырған куәгер сол жерден Станиславты көріпті. Алайда сотта күдікті Викториямен кездесуге келгенде, қыздың қансырап жатқанын көріп, көмек беруге тырысқанын айтқан. Оның үстіне, пышақтан да Станиславтың емес, басқа екі адамның саусақ іздері табылды. Алқа билер осы дәйектерге сенсе керек. Бірақ шешіммен жәбірленуші жақ пен прокурорлар келіскен жоқ. Апелляциялық сот бүгін алқа билер шығарған шешімнің күшін жойды. Сот ісі енді қайта жалғасады. Ал жас әншінің өзі кінәлі емеспін дегеннен танбай отыр.

Станислав Ким күдікті:

-Қылмысқа қатысым жоқ. Мұны алдыңғы сотта жан жақты дәделдеп бердік деп ойлаймын. Қызды өлтірген пышақты басқа адамдар ұстағаны дәделденді. Күәгерлер, анықтамалар берді. Енді өз кінәсіздігімді ары қарай да дәлелдейтін боламын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде