{metadescription}
Ақтөбеде қызтеке бастығын өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды
Ақтөбеде қызтеке бастығын өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Ақтөбеде қызтеке бастығын өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Ақтөбеде бастығын пышақтап өлтірген жігіт сотталды. Вадим Литвинов қылмысқа жұмыс берушісі төсектес болуға мәжбүрлеген соң, ар-намысымды қорғау үшін бардым деп ақталған.

Осы өңірде белгілі бизнесмен Ринат Мұхамбеталин осыдан үш жыл бұрын жоғалып кеткен еді. Тәртіп сақшылары оны екі жыл бойы іздегенімен түк шықпады. Өткен жылы оларға Вадим Литвинов өз еркімен келіп, қылмысын жайып салған. Жиырма жасар жігіттің айтуынша, қызтеке бастығы маза бермеген. Тіпті тапаншамен қорқытып, төсектес болуға үгіттеген көрінеді. Ақыры пышақтап өлтірдім дейді айыпталушы. Кейін кәсіпкердің өлі денесін сол маңға көме салған. Сондай-ақ жігіттің өз көршісін де ақша үшін ұрып өлтіргені белгілі болды. Енді сот үкімі бойынша, ол алдағы 18 жыл өмірін қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс. Бірақ Литвиновтың адвокаты соттың мұндай үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым жазатынын айтты.

Мақсат Мейірманов, В.Литвиновтың адвокаты:

-Сотталушы солай айтып тұр ғой. Осындай оқиға болғанның алдында да тиісті деп. Мұхамбеталин не себепті жас еркектерге тиісіп жүргеніне сондай мән-жайлар туралы өз жауабын берді. Осы үкіммен келіспейміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде