Колумбияда лай көшкіні жүріп, ондаған адам бақилық болды
Оқыс оқиғаға нөсер жауын себеп болған. Әсіресе, 20 мыңға жуық тұрғыны бар Сальгар қалашығында жағдай қиын.
Автор: Құралай Пионер
19.05.2015
Таудан аққан тонна-тонна лай үйлерді басып, шаһарға кірер жолдағы жалғыз көпірді қиратқан. Бұл құтқарушылардың жедел жетуіне кедергі келтіруде. Әзірге үйінді астынан 61 адамның мәйіті табылған. Марқұмдар саны әлі де еселенуі мүмкін. Өйткені мәйіттер лай ағасымен 20 шақырым аумаққа дейін ағып кеткен дейді құтқарушылар. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Колумбияның солтүстік-батыс аймағында түгелдей төтенше жағдай жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары