Мамытбеков: Киіктердің неден қырылғаны жұмбақ күйінде қалуы мүмкін
Киіктердің жаппай қырылуының себебі жұмбақ күйінде қалуы мүмкін. Жарты миллион ақбөкен өлген 35 жыл бұрынғы жұттың да себебі сол күйі анықталған жоқ деген Ауыл шаруашылығы министрі, бұл жолы да солай болады деп күдігін айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
03.06.2015
Ал соңғы 2 айда еліміздің 3 облысында 121 мыңнан астам киік өлген. Бұл жойылудың алдында тұрған түз жануарларының тең жартысы. Қазір Үкіметтік комиссия ондаған болжамды қарастырып жатыр. Тіпті шетелден шақыртылған ғалымдар ақбөкендер жүріп өткен алқапты аралауға шықты. Ал 35 жыл бұрынғы оқиғаны еске алған Мамытбеков киіктің қырылуы сол жұмбақ күйінде қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- 80-шы жылдары қырғын 500 мыңға дейін жеткен. Біздің киіктердің қырғыны. Бірақ та, әлі сол уақыттан бері ол қырғын неге неден болды бұл сұраққа жауап табылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!