{metadescription}
Мыңдаған адамды Түркияда тентіретіп жіберген компания басшысы елден қашып кетті
Мыңдаған адамды Түркияда тентіретіп жіберген компания басшысы елден қашып кетті

Мыңдаған адамды Түркияда тентіретіп жіберген компания басшысы елден қашып кетті

Жаз шыға саласымен, тағы мыңнан аса туристің демалысы бұзылды. Бұл жолы – Travelsystem компаниясы Қара теңіз жағалауына аттанған 700 отандасымызды тентіретіп қойды. Туристер осы фирманың ақыны төлемеуі салдарынан Түркиядағы қонақ үйлерден шығарылған. Елде де жолдамасы күйіп, қыруар шығыны қайтарусыз қалғандар жетерлік. Travelsystem болса «қызметті уақытша тоқтаттық» деп сайттарына жазба ғана қалдырған. Ал басшысы клиенттерінің миллиондарын алып, Еуропаға қашып кетіпті.

Бұл – бүгін Travelsystem компаниясының алдына жиналған агенттік директорлары. Барлығы туроператормен ұзақ жыл серіктес болған. Енді бірлескен қызметтері осы жерден тоқтайтын тәрізді. Өйткені аталған компания жұмысын уақытша тоқтатыпты.

- Түнімен құжаттарын көтеріп әкетті.

Жиһаздарының сыртта қалдырылғанына қарағанда «Travelsystem» қызметкерлері асығыс-үсігіс көшкен тәрізді. Тіпті кей маңызды деген құжаттарын да осында қалдырыпты. Мәселен, мына қағазда Түркияға саяхат жасағысы келген 50 адаммен келісім жасалған екен.Компанияның өзі ғана емес, сайты да жұмыс істемей тұр.

Александра Иванова, турагенттік директоры:

-Сеніп едік, енді шығынға батып қалдық. Түркияға кеткен клиенттеріміз де хабарласып жатыр. Ақшасы төленбеген деп оларды қонақ үйден қуған.

Ал бұл – Түркияның әйгілі туризм аймағының бірі – Белек. Мұнда Travelsystem-нің жолдамасымен 92 адам барған екен. Тек демалушылар жеткенімен, оларды күткен түріктер жоқ. Өйткені ақысы төленбеген.

Алмат, турист (Түркия):

- Әзірше бізге қонақ үйде ертеңге дейін ғана болуға рұсат берді. Одан кейін ақшасы төленбесе, «шығасыңдар» деді. 12 адам болып келдік. Бізден бөлек тағы 80 қазақстандық жүр.

Ал Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығы Travelsystem-дегі түйткіл туралы о бастан-ақ білген екен. Бірақ сөздерін ешкім ескермеген.

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы:

-Тентіреп қалғандардың тең жартысы «Эйр-Астанамен» жеткізілгендер. Қонақ үй мәселесі шешілмесе, кері қайта алады. Ал қалғандарының жағдайын бірлесіп шешуге тура келеді. Кезінде ескертуімізді елеуі керек еді. 

Үкімет те тиісті шараларды енді қолға алмақ. Мұнда Азаматтық авиация комитетімен бірлескен шұғыл штаб құрылып жатыр.

Тимур Дүйсенғалиев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және туризм департаментінің директоры:

- Таяу уақытта жедел телефон желілерін іске қосамыз. Көмекке мұқтаж туристің бәрі соған хабарласа алады. Сондай-ақ, Түркиядағы Қазақстан елшілігі де қызмет көрсетеді. Жалпы мұндай жағдайлар енді орын алмас үшін туризм заңына өзгерту енгізетін шығармыз.

Соңғы кезде туристердің тентіреп қалуы тым жиілеп кетті. Оған былтырғы «Гүлнар-Тур» мен «Алмас-туризмге» қатысты жағдайлар куә. Ал клиенттерінің миллиондарды қалтасына басқан Travelsystem президенті Еуропа асып үлгеріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.